---
title: "Интернет арқылы жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін..."
description: "Бүгін Мәжілісте адам саудасына қатысты заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасына жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-20T07:28:42+00:00"
modified: "2024-03-20T07:28:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/internet-ar-yly-zhez-kshelik-yymdastyr-any-shin-ylmysty-zhauapkershilik-engiziledi-1002468"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/internet-ar-yly-zhez-kshelik-yymdastyr-any-shin-ylmysty-zhauapkershilik-engiziledi-1002468/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Интернет арқылы жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін...

> Бүгін Мәжілісте адам саудасына қатысты заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасына жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа...

Бүгін Мәжілісте адам саудасына қатысты заң жобасы талқыланып жатыр.

![Интернет арқылы жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін...](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/5e08456acff5375e2e1af00c45b273.jpg)

Заң жобасына жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және Интернет желісі арқылы көрсету енгізілген. «Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚР ҚК 134, 308, 309-баптары және ҚР ҚК мен 450 ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Ішкі істер министрі Ерлан Сәденовтің айтуынша, заң жобасында 2 ілеспе құжат бар. Оның біріншісі - «Бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Осы ілеспе заң жобасы аясында Қылмыстық кодекске «адам саудасымен байланысты қылмыстар» ұғымы енгізіледі. Жасау тәсілдері бойынша «адамды қанау» ұғымы кеңейтіледі.

«Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі, яғни «притон ұстау және жеңгетайлықты» «интернет желісі арқылы» жасау деген жаңа саралау белгісі көзделді. Осылайша, бұл қылмыс ауыр санатқа жатқызылады. Бұдан басқа, «Неке және отбасы туралы» кодексте: лауазымды адамдарға балалар қалдырылған жағдайда, олар бұл туралы прокуратураға хабарлау міндеті бекітілді. Атап айтқанда, приюттер, балалар үйлері және басқа да ұйымдарды қамтиды. «Жәбірленішулерге өтемақы қоры туралы» Заңға қосымша үш қылмыс түрі, яғни қанау мақсатында ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, және жезөкшелікпен айналысуға тарту қылмыстары бойынша құрбандарға өтемақы төлеу мүмкіндігі енгізілді», - деді министр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/internet-ar-yly-zhez-kshelik-yymdastyr-any-shin-ylmysty-zhauapkershilik-engiziledi-1002468](https://yvision.kz/kk/post/internet-ar-yly-zhez-kshelik-yymdastyr-any-shin-ylmysty-zhauapkershilik-engiziledi-1002468)