---
title: "«Интергаз Орталық Азия» қызметкерлерімен кездесу"
description: "2017 жылдың 23 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-11-24T06:14:24+00:00"
modified: "2017-11-24T06:14:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/intergaz-ortaly-aziya-yzmetkerlerimen-kezdesu-786021"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/intergaz-ortaly-aziya-yzmetkerlerimen-kezdesu-786021/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Интергаз Орталық Азия» қызметкерлерімен кездесу

> 2017 жылдың 23 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ...

2017 жылдың 23 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Орал» магистральды газ құбырлары басқармасы» филиалы Жаңақала желілік-өндірістік Басқармасының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/intergaz-ortaly-aziya-yzmetkerlerimen-kezdesu-786021](https://yvision.kz/kk/post/intergaz-ortaly-aziya-yzmetkerlerimen-kezdesu-786021)