---
title: "Инстаграмдағы қазақ әншілері"
description: "Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи с..."
author: "Arsik"
published: "2013-09-24T00:53:10+00:00"
modified: "2013-09-24T00:56:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/instagramda-y-aza-nshileri-375468"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/instagramda-y-aza-nshileri-375468/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Инстаграмдағы қазақ әншілері

> Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи с...

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/M0Jr7d9i1Fwxb7tpBOI04guZF79gQN.jpg)

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық әншілердің инстаграмына шолу жасайық.

**Дильназ Ахмадиева** [@dilnaz80](http://instagram.com/dilnaz80)

Танымал әнші Дильназ Ахмадиеваның инстаграмында 19 876 жазылушылары бар екен. Дильназ жеке өмірін, әртістік гримсыз күнделікті келбетін көрсетуден тартынбайды. Сондай-ақ достары және жақындарымен түскен суреттерін жиі іліп отырады.

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/wW3PTxlZdk6JVkulK091Z8XtI3VNYy.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/6h9FW0zOLJY21lcNibN07c95fz5DKX.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/7YDiQJ083ig4YHAYdT4BC25DZYSjhh.jpg)

**Аша Матай** [@asha_matai](http://instagram.com/asha_matai)

Алғашында әнші болып бастаған Аша Матайды қазір көбінесе актриса және тележүргізуші рөлінде көреміз. Алайда онымен қоса, оның танымалдылығы да артып келеді. 16 899 жазылушы. Аша Матайдың инстаграмында кез келген ару қыздар сынды өзінің суреттері жеткілікті.

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/jSElbNduA752c5giiU56zxPIIm4lm9.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/mr67MSOQEvwABP24H5729zD2sf061q.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ZAQAHWYLPl720h56yIqH9zR80I4vc1.jpg)

**Әли Оқапов [@aliokapov](http://instagram.com/aliokapov)**

Жас та болса, біраз шыңдарды бағындырып келе жатқан Әлидің бір-ақ қағидасы бар - шаршамай жұмыс істеу. Ол әрдайым жол жүріп, түрлі қалаларда концерттер беріп жатса, енді бірде бейнебаян түсіріп, сериалдарға саундтрек жазып жатады. Жақындарымен, достарымен кездесуге де үлгеріп, жұмысының жемісін - сый-марапаттар алудан шаршамайды. Жазылушылар саны - 16 597.

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/FdqWDQp8G8d1l8DQK7wlj7z0aeqKRn.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Tqw56L7lM3EQBux9MFh6gH9k6LN51g.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/lmXQlLQ22VXKA4OhwJ0X1635BjmJPu.jpg)

**Айқын** [@aikyn](http://instagram.com/aikyn)

Көптеген қыздардың сүйікті әншісі Айқынның инстаграмында 13 мыңнан аса жазылушылары бар екен. Айқын да көптеген қазақстандық әртістер секілді өзінің еңбекқорлығымен көзге түседі. Жол жүріп концерттер беріп, жаңа ән жазып, сериалдарға түсіп жатады. Инстаграмын ара-тұра қазақша жүргізетіні де қуантады.

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/BKm3301fTTUKxCR1ZtucIuX3Vbz7bV.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ePf1CZcKtLTGlmZoq2769r1y70w62M.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/5Z0Ao8lR78JMPh9WPSovJf0BuJORoD.jpg)

**Сәкен Майғазиев** [@saken_m](http://instagram.com/saken_m)

Нағыз халық мақтаныштары "МузАрт" тобының ішіндегі әлеуметтік желілерге жақыны - Сәкен Майғазиев. Сәкеннің инстаграмы 6 360 жазылушыны санап шықты. Әрине, өйткені Сәкен Майғазиев әрдайым тыңдармандарымен жылы сөйлесіп, мүмкіндігінше бар пікірлерге жауап жазып отыруға тырысады.

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/uKBf7WuZe85vSe9d2Ep3BiWKWoul06.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/SBmPDJb2P27BUugHP3nRvBpetEOENH.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/b2LiPeZS7M1LR1I7XIEu8EjvZWOz9l.jpg)

**Алмас Кішкенбаев** [@kishkenbayev](http://instagram.com/kishkenbayev)

"Суперстар" байқауының жеңімпазы болғаннан бері халық сүйіспеншілігіне бөленіп келе жатқан Алмастың инстаграмында 5 564 жазылушы бар екен. Соңғы суреттерінен қызын және жақын арада өтетін жеке концертіне дайындығын көреміз. Бір байқағанымыз, Алмас өз-өзін түсіргенді өте жақсы көреді екен.

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/O951kbCaTSy9Nw63DG4DYwE5Fc8MhQ.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/pXK78KAjNuhb04zzdO3hKvJ1xvaIl6.jpg)

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/x5ryqwPF34V1FF6yQRBRT7TOCMo0TW.jpg)

*Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева*

*

![Инстаграмдағы қазақ әншілері](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Uai76Y45v7LZplOZOnOSM04AL0q3pS.jpg)

*

Ұқсас материалдар:

[Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](http://yvision.kz/post/354197)

[Instagram: Шетелде оқитын қазақ студенттері](http://yvision.kz/post/357898)

[Инстаграмдағы жас аналар](http://yvision.kz/post/360566)

[Инстаграмдағы кәсіби фотографтар](http://yvision.kz/post/364991)

[Инстаграмдағы қазақстандық модельдер](http://yvision.kz/post/367339)

[Инстаграмдағы қазақстандық актерлер](http://yvision.kz/post/372348)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/instagramda-y-aza-nshileri-375468](https://yvision.kz/kk/post/instagramda-y-aza-nshileri-375468)