---
title: "Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері"
description: "Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи с..."
author: "Arsik"
published: "2013-05-23T23:32:51+00:00"
modified: "2013-05-23T23:32:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/instagramda-y-aza-dizaynerleri-354197"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/instagramda-y-aza-dizaynerleri-354197/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері

> Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи с...

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/cGSSH0S23y9KDIc7L8qN5vv7KhY62H.jpg)

*Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда біз Instagram арқылы отандық дизайнерлермен таныс боламыз.*

Ая Бапани [@aya_bapani](http://instagram.com/aya_bapani/)

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/tJQZQyoN53aYO9BNs4P25GxPD5MeV7.jpg)

Бүгінгі күні Aya Bapani брендімен танымал Ая қазақстандық сән әлеміне өзгеріс алып келген дизайнерлердің бірі. Қазақ тарихынан, этнографиясы мен өнерінен шабыт алатын Ая: "Киізден жасалып, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен сәнделген коллекциямдағы әрбір туындым оның иегеріне қазақи рух беріп, кең-байтақ қазақ даласының күшін сезіндіреді", - дейді.

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ARD1zq6CfuoiM49SYP8aERcEb281Ij.jpg)

*Баян Есентаева Aya Bapani брендінің көйлегінде #ayabapani #kfw#kazakhstanfashionweek #bayanesentaeva*

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/kpzQUBgRjG8G0ol99kH9J9CaW31z0R.jpg)

*#AyaBapani*

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/lvCNgEJ6v1wwGai1o5jJ5gve89XCri.jpg)

*SS 2012*

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/hoSR60r1V8Rli1oSjDaRnlf2z34Tzg.jpg)

*Festival Della Moda Russa*

**Салтанат Баймұхамедова** @[saltafashion](http://instagram.com/saltafashion/)

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/W5Tt3yLNCYT6PgAF3fRXoJkfqwS0Z3.jpg)

Отандық сән индустриясының жарқын өкілі Салтанат Баймұхамедова сән әлеміне сонау 2000 жылдары келген болатын. Басында «F… you» киім желісімен жастарға арналған киімдер тігіп жүрген Салтанаттың 2008 жылдың наурыз айында Trend & Tendance агенттігінің қолдауымен Париж қаласында алғашқы сән көрсетілімі өтеді. Содан бастап ол Salta™ деген брендпен шыға бастайды. Бүгінгі күні Salta сапалы, әрі қолжетімді бағадағы pret-a-porter әйелдер киімін шығарумен айналысады.

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/uUsPQM8oqeBlS8UESsp5VIj78939jK.jpg)

*Керемет! @diana_nazar көйлектерің біздің брендтен болса #saltafashion ілмегімен белгілеп қой <3*

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/N59tcl500WiVUShifPvdkbwdjIgYW8.jpg)

*Достар, қай түс сіздерге жақынырақ? Көбіне ақ киесіз бе, әлде қара ма? ;) ;) #black#white#dress#accessories#kz#almaty#kzdesigner#instakzlook#salta#saltafashion*

*

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/vtS3LzgPZuIy97E2mjoZ434622yGHy.jpg)

*

*Salta Business Collection 2012. Model: Maya Akisheva*

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/IJ33tG4yFl6AQ9657N3Z8ct0MIXss2.jpg)

*Salta For Braska Fall-Winter 2012/13 in Интертоп stores now! 30.650 KZT*

**Леонид Жеребцов **[@leva08](http://instagram.com/leva08/)

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Q8039TR9fovKQwT8C6M2el7Go8faD8.jpg)

**

«Open Way 2012» Екінші Ұлттық жас дизайнерлер байқауының жеңімпазы. Аталмыш байқаудан соң жас дизайнер Салтанат Баймұхамедованың брендіне арнап Leonid Zherebtsov for Salta коллекциясын дайындап, оны сәуір айында өткен Kazakhstan Fashion Week-те көрсетті. Жеребцовтың бұл киімдер топтамасының негізгі бөлігі қара, көк, сарғыш және ақ мақта және стрейчтен тұрады. Леонидтің айтуы бойынша оның коллекциясы стиль мен ыңғайлылықты таңдайтын барлық жастағы қыздарға арналған.

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/9gCSf6TMinBv0Ve3P4ZoXGCFX5B2o9.jpg)

**

*25.05.2013 бастап менің Leonid Zherebtsov for Salta коллекциям SALTA брендінің барлық дүкендерінде #saltafashion*** **

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/meH2aDuhMGoST8JDxS2Dc7xfcm3VS3.jpg)

**

*Жақында шығатын менің autumn-winter 2013-14 коллекциям.*** **

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/C8HXbrJ3Xuv6jS6C1c368449l9n5v3.jpg)

**

*Star skirt from LEONID ZHEREBTSOV*** **

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/5RnTa8wve4iaoGBve9IR3nwrDljSyu.jpg)

**

*Lookbook LEONID ZHEREBTSOV түсірілімінен. Autumn-Winter 2013-14*

**Камила Курбани **[@kamilakurbani](http://instagram.com/kamilakurbani/)

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/PUmJ5x3BCl76GgLP6x6pemc0jvnh18.jpg)

**

Сән өнеркәсібінде жүргеніне 10 жылға жуық уақыт өтседағы, есімі енді танылып келе жатқан Камила Курбанидің қазақстандық сән сахнасына келгеніне небәрі 2 жылдай болды. Осы уақыттың ішінде ол сән әлеміне өзгелерге ұқсамайтын ерекше стилін ұсына білді. Екпінді гламурға емес, керісінше unisex пен casual стиліндегі еркіндікке түсіретін Камиланың тұтынушылары еркін ойлайтын, өзгеден аса ерекшеленбейтін, бірақ өзінің ерекше қайталанбас стилімен көзге түсетін кәдімгі қала тұрғындары.

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/09AhXPNZ23Ps3bv4f08t7J4n56BaJQ.jpg)

*F/W 2013-2014 KK #kfw #looktm*

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/VVY35icfhqEh7fptBejFEnAGTHqbYG.jpg)

*F/W 2013-2014 KK #kfw #looktm*

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/6sAAMSKg4FUKLo4FjWC60z3sRZ8jFF.jpg)

**

*Dresses SS2013*

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/tjvMNjjacmCSMeASw78oksV58C912T.jpg)

**

*#accessories by KK*

**Сәкен Жақсыбаев [@ZhSaken](http://instagram.com/zhsaken/) **

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ji6xG5J8kiqaTO2QR1ARK9HDPK2vrd.jpg)

**

2011 жылдан бері отандық сән әлеміне қадам басқан ZhSaken брендінің негізін қалаушы Сәкен Жақсыбайды бүгінгі күні танымайтын қазақстандық сәнқой жоқ шығар. Шетелге жиі шығып тұратын Сәкен әр елден алған әсерін өз топтамаларында жеткізуге тырысады. Сәкеннің жақында тұсауы кесілген топтамасы сәйкесінше «Мадрид» деп аталды. Ол киімдерін тігуде барқыт, жібек, шілтер және шифон маталарын қолданады. Оның барлық киімдері сапалы, әрі бағасы қолжетімді.

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/v2VdKKH1s8dMhGpCfbBO1NJVtnHaxr.jpg)

**

*Қазір өзімнің [@sadu_concept_store](http://statigr.am/controller_ajax.php?action=redirectUser&u=sadu_concept_store) [#zhsaken](http://statigr.am/tag/zhsaken/)демін... Жазғы қанық түстерден тұратын көйлектер көп [#day](http://statigr.am/tag/day/) [#dress](http://statigr.am/tag/dress/) [#love](http://statigr.am/tag/love/) #instamood #instapic [#almaty](http://statigr.am/tag/almaty/) [#kz](http://statigr.am/tag/kz/)[#fashion](http://statigr.am/tag/fashion/) [#vogue](http://statigr.am/tag/vogue/)*** **

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/LBd91mBovxFmIY1ItoLKMMQITohWZb.jpg)

**

*ZhSaken 31/05/13 Luxor Wellness club!!!*** **

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/y9QJ3PncBZ2cvEt9a7mgGA2pmU0sPF.jpg)

**

* ZHSaken көйлегі @cali_almaty @sadu_concept_store @armoniastore*

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/69QU1GCjaFKcsH17mTs17ZWdM4N55y.jpg)

**

*Californicatoin дүкені,бұл жерде ZHSaken сатылады @cali_almaty @sadu_concept_store @armoniastore @rauzhienbekova @fashion_bureau*** **

**Лидо [@Lido_kz](http://instagram.com/lido_kz/)**

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/0jheXYdassJfFhB8jg6V928R02jywb.jpg)

**

Әнші Лидо өткен жылдың күзінен бастап дизайнерлікке бет бұрды. Кезінде ательеде жұмыс істеген анасына кішкентайынан көмектесетін Лидо қашанда өзін дизайнер ретінде сынап көргісі келген екен. Бүгінгі күні LIdiya DOssalina брендінің негізін қалаушы Лидия коллекциясындағы барлық киімдердің модельдерін өзі ойлап тапқан. Li'Do бренді жайында ол: «Мен әлемдік сән тенденциясына сай келетін коллекция жасағым келеді: күрделі, әрі көрнекті пішілген қарапайым силуэт», - дейді.

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/712dpndyO5pJ4tnN9qxV7I4E02PHj6.jpg)

**

*My very first fashion show [#lidiyadossalina](http://statigr.am/tag/lidiyadossalina/) [#kfw](http://statigr.am/tag/kfw/) :D*

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/D6HJUTBA4Mmd50tq7JNwz1GjMO0hS5.jpg)

**

*Бұл екі көйлек Астана қаласындағы дүкенге жіберілді...*** **

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/NYPZU6Rb71F9gX2jCWmi3c096QpgcJ.jpg)

**

*New stuff flies to Astana today....*** **

**

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Voe5cS7fdgBXZM6Ij04cZOyv9XmIaj.jpg)

**

*[@almatykz](http://statigr.am/controller_ajax.php?action=redirectUser&u=almatykz) керемет суреттеріңе рахмет!!!/ thanx [@almatykz](http://statigr.am/controller_ajax.php?action=redirectUser&u=almatykz) for these amazing sketches **of me!!! <3*

*

![Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/8I42XcAPQhmpJ8E4SDD5irUBng8rcx.png)

*

*Материалды дайындаған:*

*Айнұр Ракишева [@rakishevaa](http://instagram.com/rakishevaa/)*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/instagramda-y-aza-dizaynerleri-354197](https://yvision.kz/kk/post/instagramda-y-aza-dizaynerleri-354197)