---
title: "Instagram және PR"
description: "Бүгін PR үшін ең ұтымды және жеңіл платформалардың бірі - Instagram болып табылады. Қазіргі кездегі..."
author: "sabinana"
published: "2015-11-16T09:45:15+00:00"
modified: "2015-11-18T06:57:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/instagram-zh-ne-pr-641394"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/instagram-zh-ne-pr-641394/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Instagram және PR

> Бүгін PR үшін ең ұтымды және жеңіл платформалардың бірі - Instagram болып табылады. Қазіргі кездегі...

![Instagram және PR](http://storage.yvision.kz/images/user/sabinana/zRAs35BN9otunHvm7UApbnz7Jxc4D1.png)

Бүгін PR үшін ең ұтымды және жеңіл платформалардың бірі - Instagram болып табылады.

Қазіргі кездегі ең әйгілі әлеуметтік желі туралы сөз қозғайтын болсақ, біріншіден жалпы *статистикаға* тоқталып кетейік.

***Инстаграм** желісі жұмыс істеуді бастағанда* •1 млн. адамды - 1 ай ішінде жинайды.

Салыстырмалы түрде Foursquare және Twitter 2 жыл ішінде осындай нәтижеге жетеді.

*Әрбір бір секунд сайын* •**8500 лайк** қойылып, **1000 комментарий** жазылады.

*Instagram брендтік аккаунтары* (2015, қараша):

•National Geographic -36.4m

•Victoria’s Secret – 25.9m

•Nike – 28.7m

•Forever 21 – 8.7m

•9GAG – 22.8m

•Starbucks 6.5m

•MTV – 4.4m

**Ең әйгілі хэштег**: #love #beautiful #cute #summer #me #girl #tbt

Бір қызық жәйт Instagram-ға тіркелген адамдардың **37%-ы** *ешқашан* фото салған жоқ.

Ал енді Instagram-да ***PR*** қалай жүретініне көз жеткізейік.

Сіздің PR-ңыздың жүруіне *followers-*і көп платформалары көмектеседі. Мысалға алатын болсақ, қазіргі кездері 208 мың қолдаушылары бар [https://www.instagram.com/dubsmash_kaz/](https://www.instagram.com/batyroff/) сіз үшін жақсы мүмкіндік. Бұл парақшаның мәні неде? Сіз dubsmash программасын AppStore немесе PlayMarket дүкендерінен жүктеп алып, кез-келген өлеңге видео түсіресіз, оны инстаграмға салып, #dubsmash_kaz хештегін белгілейсіз. Видеоңыз креативті түсірілетін болса, оны бірнеше МЫҢ адам көретін парақшаға жүктейді. Нәтижесінде, адамдар қызығып, сіздің инста-парақшаңызға жазылады.

Тағы бір инста-дағы ***PR*** бүгінгі жастар арасындағы әйгілі **Vine** (вайн) түсіру арқылы жүреді.

Жастар бірнеше секундтқа (6-15) созылатын қысқаша, алайда күлкілі видеоларды түсіреді. Бүгін осындай видеоларды түсіріп, инстаграмға салу арқылы әйгілі болған көптеген жастар бар.

Қазақстандық инстаграмда ең әйгілі вайн түсірушілердің бірі [https://www.instagram.com/batyroff/](http://www.instagram.com/batyroff/). 548 мың followers-тері бар.

![Instagram және PR](http://storage.yvision.kz/images/user/sabinana/70rkM3W13w7JL7X92i62Zoyw9wRZSM.png)

Queex instavine [https://www.instagram.com/queeex/](https://www.instagram.com/queeex/) жобасын 378 мың адам қолдайды.

![Instagram және PR](http://storage.yvision.kz/images/user/sabinana/L7Qdmpp4Ctv32LpEq4INaZ8JehsU3C.png)

Көп адамдар инстаграмда өзіннің блогын жүргізу арқылы әйгілі болады. Мысалы, 18 жасар [https://www.instagram.com/aeka.posh/](https://www.instagram.com/aeka.posh/) қыздарға өз кеңестерін беріп, әйгілі болды. Қазіргі кездері оның ақылы түрде жарнама жасайтыны туралы көп сөз қозғалып жатыр. Оған бірнеше дәлел келтіруге болады. Алайда, бұл осы постта емес ;)

![Instagram және PR](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/sabinana/F1VxD1cTi86e0VtAi8N7k3XyyOr4zb.png)

Қортындылай келе, Instagram желісі сіздің PR-ңыз үшін жақсы платформа және де сіздің әйгілі болуыңыздың ең жеңіл жолы. Дәл қазір қай салада дамитыңызды таңдып, бастасаңыз болады ;))

P.S Менің инста-парақшама қосылыңыздар:))

[https://instagram.com/bsabinana/](https://instagram.com/bsabinana/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/instagram-zh-ne-pr-641394](https://yvision.kz/kk/post/instagram-zh-ne-pr-641394)