---
title: "Инфрақұрылымдық жобалар аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 84 млрд теңге бөлінген – ҚР ДСӘДМ"
description: "Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-20T04:32:00+00:00"
modified: "2016-09-30T04:56:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/infra-rylymdy-zhobalar-ayasynda-azamattardy-zh-mys-a-ornalastyru-shin-84-mlrd-te-ge-b-lingen-r-ds-dm-713508"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/infra-rylymdy-zhobalar-ayasynda-azamattardy-zh-mys-a-ornalastyru-shin-84-mlrd-te-ge-b-lingen-r-ds-dm-713508/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Инфрақұрылымдық жобалар аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 84 млрд теңге бөлінген – ҚР ДСӘДМ

> Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен...

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтуға 5 мың 243 жобаға 84 млрд теңге бөлінген, деді Үкіметтің отырсында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

«Қазіргі күні 435 жоба аяқталды. Іске асырудың жолында тұрған 4 мың 808 жоба тамыз айында Ұлтық қор мен арнайы қордан қосымша бөлінген қаражатқа іске асырылады. Бұл жобаларға 18 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 9,5 мың азамат – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар»,-деді Т.Дүйсенова.

Оның айтуы бойынша, нақты жұмыспен қамту мониторингі жүзеге асырылуда.

« Атқарылып жатқан жұмысқа қарамастан, облыс әкімдеріне жылдың соңына дейін 53,4 млрд теңгенің 4808 жобасын аяқтау керектігін ескерткім келеді»,-деді министр.

Отырыс барысында ведомство басшысы Премьер-Министрден облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жылдың соңына дейін бөлінген бюджеттің жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге және кестеге сәйкес 1 желтоқсанға дейін барлық жөндеу жұмыстарын аяқтауға тапсырма беруін сұрады.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/infra-rylymdy-zhobalar-ayasynda-azamattardy-zh-mys-a-ornalastyru-shin-84-mlrd-te-ge-b-lingen-r-ds-dm-713508](https://yvision.kz/kk/post/infra-rylymdy-zhobalar-ayasynda-azamattardy-zh-mys-a-ornalastyru-shin-84-mlrd-te-ge-b-lingen-r-ds-dm-713508)