---
title: "ИНЧХОН-2014: Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы екі қола медальға қол жеткізді"
description: "Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында грек-рим күресі бойын..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-10-01T01:16:18+00:00"
modified: "2014-10-01T01:16:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/inchhon-2014-grek-rim-k-resi-boyynsha-aza-stan-ramasy-eki-ola-medal-a-ol-zhetkizdi-431929"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/inchhon-2014-grek-rim-k-resi-boyynsha-aza-stan-ramasy-eki-ola-medal-a-ol-zhetkizdi-431929/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ИНЧХОН-2014: Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы екі қола медальға қол жеткізді

> Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында грек-рим күресі бойын...

[!\[ИНЧХОН-2014: Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы екі қола медальға қол жеткізді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20140923202240-1-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20140923202240-1.jpg)

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында грек-рим күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрама командасы екі қола медалге қол жеткізді. Бұл туралы ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан мәлімдеді.

Кіші финалда Алмат Кебіспаев (59 келі) өзбекстандық Ахмаджон Махмудовты 5:0 есебімен, ал Ерұлан Ысқақов (98 кг) сириялық Наузат Салехты 9:0 есебімен жеңді. Сонымен екі салмақ категориясы бойынша жүлделі орындарға мына балуандар жайғасты: 59 келі: 1. Кохей Хасегава (Жапония) 2. Вон Чол Юн (Солтүстік Корея) 3. Алмат Кебіспаев (Қазақстан), Кие Тиан (Қытай) 98 келі: 1. Махди Алиярифейзабади (Иран) 2. Ди Ксиао (Қытай) 3. Ерұлан Ысқақов (Қазақстан), Норикацу Саикава (Жапония).

Автор: [Жаппарберген Айбота](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/989)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/inchhon-2014-grek-rim-k-resi-boyynsha-aza-stan-ramasy-eki-ola-medal-a-ol-zhetkizdi-431929](https://yvision.kz/kk/post/inchhon-2014-grek-rim-k-resi-boyynsha-aza-stan-ramasy-eki-ola-medal-a-ol-zhetkizdi-431929)