---
title: "Иман ізде - хит"
description: "Қайнарынан бастау алып дін Исламның, Білімге талап қойған мұсылманмын! Сақал қойдым - сақалым Абайді..."
author: "VseProSSto"
published: "2012-04-28T20:29:20+00:00"
modified: "2012-05-01T11:25:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iman-izde-hit-252383"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iman-izde-hit-252383/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Иман ізде - хит

> Қайнарынан бастау алып дін Исламның, Білімге талап қойған мұсылманмын! Сақал қойдым - сақалым Абайді...

*Қайнарынан бастау алып дін Исламның,*

*Білімге талап қойған мұсылманмын!*

*Сақал қойдым - сақалым Абайдікі,*

*Сталинге ұқсап мұрт қоюға қысылғанмын.*

* *

* *

*Терроризм дегенге қатысым жоқ,*

*Ондай жынды, аурулармен шатысым жоқ!*

*Дін Ислам құптамайды бұл қылықты,*

*Ол түгіл құптамайды сопылықты!*

* *

* *

*Сопылықтың жаршысы Исматулла,*

*Ән айтып, зікір салып Джип мініпті.*

*Депутаттың біреуі джип әперген,*

*Қалың жұртқа мазақ болып, күлдіріпті.*

* *

* *

*Жаспын мен, енді ғана ес білгендей,*

*Бірақ Аллам көп нәрсені білдіргендей.*

*Мұсылман болғаныма қуанамын,*

*Ақ құс ұшқан, бау-бақшаға дәл кіргендей.*

* *

* *

*Тұрса да жағдай сонша құты қашып,*

*Қорықпашы бауырым, шошымашы!*

*Сонда да білім ізде, иман ізде,*

*Алланың қайырынан құр қалмашы!*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iman-izde-hit-252383](https://yvision.kz/kk/post/iman-izde-hit-252383)