---
title: "Илья Ильин - үш дүркін әлем чемпионы!"
description: "Франция астанасы Парижде өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде жерлесіміз бен еліміздің м..."
author: "Barkorn"
published: "2011-11-12T21:16:50+00:00"
modified: "2011-11-13T02:32:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ilya-ilin-sh-d-rkin-lem-chempiony-205544"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ilya-ilin-sh-d-rkin-lem-chempiony-205544/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Илья Ильин - үш дүркін әлем чемпионы!

> Франция астанасы Парижде өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде жерлесіміз бен еліміздің м...

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде жерлесіміз бен еліміздің мақтанышы, Бейжің олимпиадасының жеңімпазы Илья Ильин қоссайыстың қорытындысында 407 (181 жұлқи көтеру + 226 серпе көтеру) килолық зілтемірді басынан асырып, үш дүркін әлем чемпионы атанып, көгілдір экран алдындағы жанкүйер көрермендерін бір қуантты. Алтын атлетіміз жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арнады. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!

![](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/e3P928iG07W08hB85d4OFS2Y8ypSQq.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/P6U9Tk55a0vDI3Qp4rXw9dan5Icdsd.jpg) ![](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/IjsK6ivnITVAyuGp3FtS7ZcNFr2T1q.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/Vf5H3MiZF8VGQk03t0qtnum5XcKhXJ.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ilya-ilin-sh-d-rkin-lem-chempiony-205544](https://yvision.kz/kk/post/ilya-ilin-sh-d-rkin-lem-chempiony-205544)