---
title: "iLuminate би тобы Қазақстанда алғаш рет"
description: "3 сәуір күні Астана қаласы, Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында кешқұрым iLuminate би тобы өнер к..."
author: "kaztube1"
published: "2013-04-07T13:13:46+00:00"
modified: "2013-04-07T14:11:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iluminate-bi-toby-aza-standa-al-ash-ret-345599"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iluminate-bi-toby-aza-standa-al-ash-ret-345599/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# iLuminate би тобы Қазақстанда алғаш рет

> 3 сәуір күні Астана қаласы, Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында кешқұрым iLuminate би тобы өнер к...

3 сәуір күні Астана қаласы, Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында кешқұрым iLuminate би тобы өнер көрсетті.

Төмендегі суретте дайындық жүріп жатыр. Аппараттарды реттеп, бишілер шығатын сахна даярлану үстінде.

![iLuminate би тобы Қазақстанда алғаш рет](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/ul2JgEug1xIUeByemZFF1Vh28TVb9O.jpg)

iLuminate би тобы көп адамға таныс болмауы да мүмкін. Кейбіреулері бірден тани кетуі де ықтимал.

iLuminate жаңа технологиямен заманауи биді біріктіріп, түрлі түсті жарық арқылы шоу-бағдарлама көрсетеді. Black Eyed Peas, Кристина Агилера, Крис Браун сияқты әлемдік деңгейдегі әншілер би жағына келгенде осы топтың көмегіне жүгінеді екен.

![iLuminate би тобы Қазақстанда алғаш рет](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/TZxaVYzh7wOX6BL99wcHxK9Vj892b5.jpg)

Бұл би тобының Лос-Анджелестен келуіне мүмкіндік берген АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі болатын. iLuminate Қазақстанға бірінші рет келген екен. Астананы, жалпы Қазақстанды көргендеріне қуаныш білдіріп, өз сезімдерімен бөлісіп жатты.

![iLuminate би тобы Қазақстанда алғаш рет](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/fc9CyVqSl8njLDzEHacKrQ6ow18try.jpg)

iLuminate 4 сәуір күні сағат 19-00де Бейбітшілік және келісім сарайында концертін берді. Соның кіріспесі ретінде халық көп жүретін Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында тегін өнер көрсетті. Астана қаласында 4 сәуір күні өнер көрсетсе, 4 сәуір күні Алматы қаласындағы "Алматы Тауэрс" бал залында өнер көрсетті.

Халық, әсіресе жастар өте көп жиналып, арнайы осы топтың өнерін тамашалауға келіпті.

![iLuminate би тобы Қазақстанда алғаш рет](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/4JC3YFR7nxy4j5N72z8y81Lo2FNCAo.jpg)

Осы топтан сұхбат алып, көрсеткен өнерін арнайы сіздер үшін түсіріп алғанбыз: [http://kaztube.kz/kz/video/70764](http://kaztube.kz/kz/video/70764), [http://kaztube.kz/kz/video/70568](http://kaztube.kz/kz/video/70568)

Алдағы уақытта осындай шаралардың түр-түрі болады. Хабардар болып отыру үшін бізді Фейзбукта ([http://www.facebook.com/kaztube.kz.5](http://www.facebook.com/kaztube.kz.5)), Твиттерде ([https://twitter.com/kaztube](https://twitter.com/kaztube)) оқыңыздар!

Бізбен бірге болыңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iluminate-bi-toby-aza-standa-al-ash-ret-345599](https://yvision.kz/kk/post/iluminate-bi-toby-aza-standa-al-ash-ret-345599)