---
title: "Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды"
description: "Биыл неміс тіліндегі бай әдеби қор қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасымен толықты, деп..."
author: "kazinform_kz"
published: "2016-05-17T00:29:14+00:00"
modified: "2016-05-22T21:44:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iliyas-zhans-girovti-lager-poemasy-nemis-tiline-audaryldy-693077"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iliyas-zhans-girovti-lager-poemasy-nemis-tiline-audaryldy-693077/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды

> Биыл неміс тіліндегі бай әдеби қор қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасымен толықты, деп...

Биыл неміс тіліндегі бай әдеби қор қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасымен толықты, деп хабарлады [«Әдебиет»](http://www.adebiportal.kz/news/liyas-zhans-g-rovty-lager-poemasy-nem-s-t-l-ne-audaryldy/) порталы.

Поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шықты.

Поэманың неміс тіліндегі нұсқасының авторы - неміс жазушысы Герт Хайденрайх. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен салт-дәстүрін неміс тілді оқырмандарға кеңінен таныстыратын «Құлагер» поэмасының алғашқы тұсаукесері биылғы наурыз айында Лейпциг қаласында кезекті халықаралық кітап жәрмеңкесінде (Leipziger Buchmesse) өткен еді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform_kz/NK8zbVR43J9x2NXp7g53zBlCFzQVpy.jpg)

2016 жылдың 25 - 27 мамыр күндері «Құлагердің» неміс тіліндегі аудармасының тұсаукесері Астана мен Алматы қалаларында да өтеді деп жоспарланған.

Аталған шараға осы жобаға қатысқан аудармашылар мен Ілияс Жансүгіровтің қызы - Ильфа Ілиясқызы арнайы шақырылып отыр. Аударманың тұсаукесерін танымал тележүргізуші, ақын Жаңыл Асылбекова жүргізеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iliyas-zhans-girovti-lager-poemasy-nemis-tiline-audaryldy-693077](https://yvision.kz/kk/post/iliyas-zhans-girovti-lager-poemasy-nemis-tiline-audaryldy-693077)