---
title: "Іле Алатауында 3,5 мың метрге жуық шыңға шыққан қыздың..."
description: "Іле Алатауында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барған. 9 мамырда 4 турист Шымбұлақ шыңына (3450 м) шыққан. Жоғарыға жеткен соң бір қыздың халі нашарлап, өздігінен түсе алмай қалады. \"Көмек көрсету үшін оқиға орнына..."
author: "orazali"
published: "2024-05-10T05:09:31+00:00"
modified: "2024-05-10T05:12:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ile-alatauynda-3-5-my-metrge-zhuy-shy-a-shy-an-yzdy-hali-nasharlap-aldy-1004440"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ile-alatauynda-3-5-my-metrge-zhuy-shy-a-shy-an-yzdy-hali-nasharlap-aldy-1004440/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Іле Алатауында 3,5 мың метрге жуық шыңға шыққан қыздың...

> Іле Алатауында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барған. 9 мамырда 4 турист Шымбұлақ шыңына (3450 м) шыққан. Жоғарыға жеткен соң бір қыздың халі нашарлап, өздігінен түсе алмай қалады. "Көмек көрсету үшін оқиға орнына...

*Іле Алатауында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барған.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/aed48a5cef0cde01dd4b827521fe50.jpg)

9 мамырда 4 турист Шымбұлақ шыңына (3450 м) шыққан. Жоғарыға жеткен соң бір қыздың халі нашарлап, өздігінен түсе алмай қалады.

"Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық құрам жіберілді. Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды төменге алып түсті", - деп хабарлайды t.me/qr_tjm.

Сөйтіп, туристер Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ile-alatauynda-3-5-my-metrge-zhuy-shy-a-shy-an-yzdy-hali-nasharlap-aldy-1004440](https://yvision.kz/kk/post/ile-alatauynda-3-5-my-metrge-zhuy-shy-a-shy-an-yzdy-hali-nasharlap-aldy-1004440)