---
title: "ІІМ алаяқтардың жиі қолданатын сөздерін атады"
description: "Ішкі істер министрлігіндегілер алаяқтар жиі қолданатын 6 сөзді атап, олардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керектігін айтты. Сонымен, біреу телефон шалғанда мына сөздерді естісеңіз, телефоныңызды тастай салғаныңыз жөн: - сіздің ақшаңызды..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-21T05:53:43+00:00"
modified: "2024-03-21T05:53:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/iim-alaya-tardy-zhii-oldanatyn-s-zderin-atady-1002501"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/iim-alaya-tardy-zhii-oldanatyn-s-zderin-atady-1002501/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ІІМ алаяқтардың жиі қолданатын сөздерін атады

> Ішкі істер министрлігіндегілер алаяқтар жиі қолданатын 6 сөзді атап, олардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керектігін айтты. Сонымен, біреу телефон шалғанда мына сөздерді естісеңіз, телефоныңызды тастай салғаныңыз жөн: - сіздің ақшаңызды...

Ішкі істер министрлігіндегілер алаяқтар жиі қолданатын 6 сөзді атап, олардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керектігін айтты.

![ІІМ алаяқтардың жиі қолданатын сөздерін атады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/239c624325c165f7a317d6ad72329b.jpg)

Сонымен, біреу телефон шалғанда мына сөздерді естісеңіз, телефоныңызды тастай салғаныңыз жөн:
- сіздің ақшаңызды алып қойғалы жатыр, күдікті операция тіркелді;
- SMS-тегі кодты айтып жіберіңіз;
- тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, алаяқтарды ұстауға көмектесіңіз, бұл туралы ешкімге айтпаңыз;
- несиеге өтініш толтырылды;
- ақшаны арнаулы және қауіпсіз шотқа аудару керек;
- банк картаңыздың / SIM-картаңыздың қолдану мерзімі біткелі жатыр.

Ал жалпы, алаяқтардың айласына түсіп қалмау үшін не істеу керек:
- күмәнді адамдардың телефон арқылы жасаған нұсқауын орындамаңыз;
- жеке деректерді, банк карталарының CVV-кодтары мен реквизиттерін бөтен адамдарға бермеңіз;
- күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
- қосымшаларды орнату үшін тек ресми қолданбаларды пайдаланыңыз;
- шотыңыздағы ақша айналымын жиі тексеріп отырыңыз.

https://t.me/POLICE_of_KZ

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/iim-alaya-tardy-zhii-oldanatyn-s-zderin-atady-1002501](https://yvision.kz/kk/post/iim-alaya-tardy-zhii-oldanatyn-s-zderin-atady-1002501)