---
title: "ІІ Дүниежүзілік соғыс туралы мәлімет беретін сайт ашылды"
description: "Бұдан былай ел азаматтары ІІ Дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туыстары мен жақындарының ..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2011-12-08T00:42:57+00:00"
modified: "2011-12-08T00:45:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ii-d-niezh-zilik-so-ys-turaly-m-limet-beretin-sayt-ashyldy-211523"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ii-d-niezh-zilik-so-ys-turaly-m-limet-beretin-sayt-ashyldy-211523/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ІІ Дүниежүзілік соғыс туралы мәлімет беретін сайт ашылды

> Бұдан былай ел азаматтары ІІ Дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туыстары мен жақындарының ...

Бұдан былай ел азаматтары ІІ Дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туыстары мен жақындарының тағдыры туралы біле алады. Ресейдің қорғаныс министрлігі еліміздің қорғаныс ведомствасына қанды майданда іс-түссіз жоғалған қазақстандықтар жайлы деректерді табыс етті, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында.

Госпиталь, медсанбат, жер қойынына берілген офицерлер мен сарбаздардың құжаттары, кеңес әскери тұтқындарының жеке карточкалары электронды тасымал құралдарында сақталған. Мұнда сұрапыл соғыста қаза тапқан азаматтардың әскери шені, қай әскери бөлімде қызмет еткені, қайтыс болған күні мен себебі, сондай-ақ жерленген жері көрсетілген. Ақпараттық анықтамада 600 мыңға жуық қазақстандық туралы мағлұмат бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ii-d-niezh-zilik-so-ys-turaly-m-limet-beretin-sayt-ashyldy-211523](https://yvision.kz/kk/post/ii-d-niezh-zilik-so-ys-turaly-m-limet-beretin-sayt-ashyldy-211523)