---
title: "«ID TV» қызметінің пайдаланушылары ушін ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ"
description: "«ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы АҚПАРАТ» Шығыс Қазақстан об..."
author: "askerkanov"
published: "2015-01-13T00:46:20+00:00"
modified: "2015-01-13T00:46:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/id-tv-yzmetini-paydalanushylary-ushin-paydaly-a-parat-460135"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/id-tv-yzmetini-paydalanushylary-ushin-paydaly-a-parat-460135/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ID TV» қызметінің пайдаланушылары ушін ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ

> «ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы АҚПАРАТ» Шығыс Қазақстан об...

**«ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы**

**АҚПАРАТ»**

![«ID TV» қызметінің пайдаланушылары ушін ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/QGxGFGECy34LqUEnsNVcJV78dwwrKl.jpg)

**Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қолданысқа енген «ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы хабардар етеді.**

Өңірлік телеарналар топтамасын қосу үшін «Мәзірге» кіріп «Екшеу» - «Жазылу» - «Телеарна» жолдарын таңдап, **«Pin-кодты»** *(құпия сөз – 1111)* тергеннен соң **«ОК»** түймешігін бассаңыз топтамалар тізімі пайда болады. Өзіңізді қызықтырған телеарналар топтамасын таңдағаннан кейін **«ОК»** түймешігін басып **«Мәзір» - «Арналар тізіміне»** қайта кіріп өзгерістерді сақтау қажет. Аталмыш әрекеттерді орындағаннан соң **«Pin-кодты»** *(құпия сөз – 1111) жазып,* **«ОК»** түймешігін басу керек.

Топтамалар телеарналардың географиялық орналасу аймағына қарай қалыптастырылған. Мысалы **«Батыс» топтамасына** Қазақстан-Ақтөбе, Қазақстан-Ақтау, Қазақстан-Орал және Қазақстан-Атырау; **"Шығыс" топтамасына** Қазақстан-Өскемен, Қазақстан-Павлодар, Жетісу; **"Солтүстiк" топтамасына** Қазақстан-Петропавл, Қазақстан-Көкшетау, Қазақстан-Қостанай, Қазақстан-Қарағанды, **"Оңтүстiк" топтамасына** Қазақстан-Шымкент, Қазақстан-Тараз, Қазақстан-Қызылорда.

«iD TV» қызметін пайдаланушы STB приставкасының көмегімен телеарналардың өңірлік топтамаларын тегін қоса алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/id-tv-yzmetini-paydalanushylary-ushin-paydaly-a-parat-460135](https://yvision.kz/kk/post/id-tv-yzmetini-paydalanushylary-ushin-paydaly-a-parat-460135)