---
title: "IBF күзде Головкин — Лемье жекпе-жегін өткізуге қарсы емес — Том Леффлер"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Го..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-06-24T00:27:38+00:00"
modified: "2015-06-24T00:27:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ibf-k-zde-golovkin-leme-zhekpe-zhegin-tkizuge-arsy-emes-tom-leffler-515955"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ibf-k-zde-golovkin-leme-zhekpe-zhegin-tkizuge-arsy-emes-tom-leffler-515955/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# IBF күзде Головкин — Лемье жекпе-жегін өткізуге қарсы емес — Том Леффлер

> АСТАНА. ҚазАқпарат — WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Го...

# [!\[IBF күзде Головкин — Лемье жекпе-жегін өткізуге қарсы емес — Том Леффлер\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/photo_60557-300x208.png)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/photo_60557.png)

АСТАНА. ҚазАқпарат — WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Халықаралық бокс федерациясына байланысқа шықты.

Ондағылар қазақстандық боксшы мен канадалық Давид Лемьенің алдағы уақытта жекпе-жекке шығуларына еш кедергі жоқтығын айтты, деп хабарлады Аllboxing.ru.

«Халықаралық бокс федерациясы Головкин мен Лемьеның кездесуін ұйымдастыруға ешқандай кедергі жоқтығын растады, — деп мәлімдеді Леффлер. — Мықтылар мықтылармен айқасуы тиіс. Golden Boy, ендеше жекпе-жекті ұйымдастырайық».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ibf-k-zde-golovkin-leme-zhekpe-zhegin-tkizuge-arsy-emes-tom-leffler-515955](https://yvision.kz/kk/post/ibf-k-zde-golovkin-leme-zhekpe-zhegin-tkizuge-arsy-emes-tom-leffler-515955)