---
title: "Хуситтер Ресей мұнайы бар екінші танкерге қателікпен шабуыл жасады"
description: "Хусит содырлары Йемен жағалауларындағы ресейлік мұнай тиеген танкерге зымыранмен соққы берді. Бұл..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-14T04:53:49+00:00"
modified: "2024-01-14T04:53:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/husitter-resey-m-nayy-bar-ekinshi-tankerge-atelikpen-shabuyl-zhasady-999845"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/husitter-resey-m-nayy-bar-ekinshi-tankerge-atelikpen-shabuyl-zhasady-999845/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Хуситтер Ресей мұнайы бар екінші танкерге қателікпен шабуыл жасады

> Хусит содырлары Йемен жағалауларындағы ресейлік мұнай тиеген танкерге зымыранмен соққы берді. Бұл...

Хусит содырлары Йемен жағалауларындағы ресейлік мұнай тиеген танкерге зымыранмен соққы берді. Бұл қателікпен жасалған шабуыл екен.

![Хуситтер Ресей мұнайы бар екінші танкерге қателікпен шабуыл жасады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/4654b602d1e23a09869c16939d29bc.png)

Теңіздегі қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын британиялық Ambrey компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, адамдар зардап шекпеген, танкерге де зақым келмеген. Сондай-ақ олар бұл хуситтер шабуыл жасаған ресейлік мұнайы бар екінші танкер екенін айтты.

Йеменнің басым бөлігін Иранның қолдауымен бақылауда ұстап отырған хуситтер Қызыл теңіздегі батыстық коммерциялық кемелерді өткен жылдың 19 қарашасынан бері атқылап жатыр. Бұны олар Израильдің Газадағы әскери операциясына қарсылық ретінде жасауда.

Израильді қолдап отырған елдер де бұған бей-жай қарай алмады. АҚШ пен Ұлыбритания биыл қаңтардың 11-інен 12-сіне қараған түні Йеменге әуеден соққы берді. Сөйтіп, ел астанасы Санамен қосып бірнеше провинцияны қиратты.

Бұған хуситтер де қайтарым жасап жатыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/husitter-resey-m-nayy-bar-ekinshi-tankerge-atelikpen-shabuyl-zhasady-999845](https://yvision.kz/kk/post/husitter-resey-m-nayy-bar-ekinshi-tankerge-atelikpen-shabuyl-zhasady-999845)