---
title: "HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!"
description: "iFixit-тегі жігіттер HTC One смартфонын, ішін көру үшін, толық ақтарып шықты. Бұл смартфонның корпу..."
author: "toiguliyev"
published: "2013-03-31T06:25:41+00:00"
modified: "2013-03-31T06:29:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/htc-one-zh-ndeuge-te-iyn-flagman-343272"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/htc-one-zh-ndeuge-te-iyn-flagman-343272/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!

> iFixit-тегі жігіттер HTC One смартфонын, ішін көру үшін, толық ақтарып шықты. Бұл смартфонның корпу...

![HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/yJwz0B0aigobhpyv3ZzaddC8Aa6tQs.jpg)

[iFixit](http://www.ifixit.com/)-тегі жігіттер HTC One смартфонын, ішін көру үшін, толық ақтарып шықты. Бұл смартфонның корпусы монолитті алюминийден жасалғанын білеміз. Бірақ бұл кереметтің де біраз кемшіліктері бар екен.

![HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/6k3S763m1Cwe1kKMu4U4ASCdNZS6o5.jpg)

Желімін ажыратқаннан кейін де экранды бірден ала алмайсыз. Ажырататын қосымша, немесе бұранда да жоқ.

![HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/BCR0KLU0pTf6el210E9jnn0AoXW3kf.jpg)

Ал ішіне кіру үшін, корпусты сындырудан басқа амал болмаған. Егер сіз, қандай да бір кішігірім бөлігін жөндеткіңіз келсе, қосымша корпусқа шығындануға дайын болыңыз.

![HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/4K0Clk5c60tWecqZXfzt70t8khRRqU.jpg)

Ал іші әдеттегідей емес. Барлығы қабықшамен және мыспен қапталған. Ал мыстың кемшілігі, оның майысып қалып, қайта орнына келмеуі.

![HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/tHry6Nb9KWzw0inc4F6hUz5AAyGXrb.jpg)

Ең бірінші кезекте аналық тақшаны (материнская плата) ала аламыз.

![HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/JBpr1w5irTq7b0J8y24g3EZ3XQ3vZ3.jpg)

Қызыл шаршымен төрт ядролы 1.7 ГГЦ жиілігі бар, Qualcomm 600 процессоры белгеленген. Сарғылт түспен - 32 Гб Samsung флэш жады, сары түспен қореқ беру контроллері, жасыл түспен - GSM/UMTS/LTE - ге арналған Qualcomm модемі, көк түспен - Synaptics, сенсорды басқару чипі, күлгін түспен - TriQuint сингал күшейткіші ал қара түспен (оң жақта, ортасында) - Wi-Fi, Blutetooth және FM - радиоға арналған Broadcom модулі белгіленген.

![HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/U99tt9052K31zj9bTR6iQg55ktCVi9.jpg)

Міне 2.3 Ас сиымдылығы бар аккумулятор. Әдетте ең бірінші алынатын еді, бұл жолы толығымен керісінше, ең соңғы алынып отыр.

![HTC One, жөндеуге өте қиын флагман!](https://storage.yvision.kz/images/user/toiguliyev/40Ti2E1k38El7JbVGqr1Je2OMgyL3V.jpg)

iFixit үкімі өте нашар. Бұл өнімді 10 баллдық межеліктен 1 (10 өте оңай жөнделеді) деген баға берді.

Бұндай баға берген себебі түсінікті, өйткені, егер де сіз ішкі бөліктен қандай да бір бөлігін жөндейтін болсаңыз, міндетті түрде корпусты құртуға тура келеді. Ал бұл қосымша шығынға және көптеген қиындықтарға алып келіп соғады.

**Үкім**

Алайда смартфон сипаттамасы өте жақсы. Егер осы өнімді алу жайлы ойлап жүрсеңіз, міндетті түрде сенімді жерден және кепілмен алыңыз. Бұзылған жағдайда, шыған аз болмайды. Мүмкін жақында бұл смартфонға шолу жасап қалармыз, сол кезде толық артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып шығамын.

Түпнұсқа: [HTC One Teardown](http://www.ifixit.com/Teardown/HTC+One+Teardown/13494/1)

(c) Toiguliev Alisher, [SmarShow](http://yvi.kz/smartshow)үшін

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/htc-one-zh-ndeuge-te-iyn-flagman-343272](https://yvision.kz/kk/post/htc-one-zh-ndeuge-te-iyn-flagman-343272)