---
title: "Хоккей. Сарыарқа — Кубань 5:4"
description: "Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін қарағандылық «Сарыарқа» қатарынан үшінші жеңісіне қол жетк..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-09T04:28:46+00:00"
modified: "2013-10-09T04:28:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/hokkey-saryar-a-kuban-5-4-378425"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/hokkey-saryar-a-kuban-5-4-378425/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Хоккей. Сарыарқа — Кубань 5:4

> Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін қарағандылық «Сарыарқа» қатарынан үшінші жеңісіне қол жетк...

[!\[Хоккей. Сарыарқа — Кубань 5:4\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20131008190018-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20131008190018.jpg)

Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін қарағандылық «Сарыарқа» қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы 24 kz. хабарлады.

Сырт алаңда Ресейдің «Кубань» командасымен кездескен қазақстандық клуб 4:5 есебімен басым түсті. Ойын барысында басымдық алаң иелерінде болған. Кездесу соңындағы Александр Васильев соққан қос шайба «Сарыарқаға» жеңіс сыйлады. Нәтижесінде қарағандылық клуб турнир кестесінің 20-сатысына орналасты. Ал топ басында өскемендік «Казцинк-Торпедо» тұр. Ресей чемпионатындағы қазақстандық екінші клуб 10 кездесудің 8-ін жеңіспен аяқтаған болатын.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/hokkey-saryar-a-kuban-5-4-378425](https://yvision.kz/kk/post/hokkey-saryar-a-kuban-5-4-378425)