---
title: "Хоккей: Кевин Даллмэн Қазақстан құрамасына шақырылды"
description: "Питердің СКА командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн хоккейден Минскіде өтетін 2014 жылғы әлем ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-28T02:14:42+00:00"
modified: "2014-03-28T02:14:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/hokkey-kevin-dallmen-aza-stan-ramasyna-sha-yryldy-407227"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/hokkey-kevin-dallmen-aza-stan-ramasyna-sha-yryldy-407227/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Хоккей: Кевин Даллмэн Қазақстан құрамасына шақырылды

> Питердің СКА командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн хоккейден Минскіде өтетін 2014 жылғы әлем ...

[!\[Хоккей: Кевин Даллмэн Қазақстан құрамасына шақырылды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140327215347-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140327215347.jpg)

Питердің СКА командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн хоккейден Минскіде өтетін 2014 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасынан шақырту алды.

Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтында хабарланды. Даллмэн ӘЧ-2014 дайындық аясында ұлттық құраманың оқу-жаттығуына қатысатын кандидаттар тізіміне кірді. Еске сала кетсек, әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Минскіде болады. Қазақстан құрамасы алғашқы матчын 10 мамыр күні Германия командасымен өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/hokkey-kevin-dallmen-aza-stan-ramasyna-sha-yryldy-407227](https://yvision.kz/kk/post/hokkey-kevin-dallmen-aza-stan-ramasyna-sha-yryldy-407227)