---
title: "ХОККЕЙ: Қазақстандықтар Италиядан есе қайтарды"
description: "a2014 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстанның хоккей құрамасы екінші жолдастық кездесу..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-05-01T03:36:42+00:00"
modified: "2019-08-04T11:42:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/hokkey-aza-standy-tar-italiyadan-ese-aytardy-411922"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/hokkey-aza-standy-tar-italiyadan-ese-aytardy-411922/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ХОККЕЙ: Қазақстандықтар Италиядан есе қайтарды

> a2014 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстанның хоккей құрамасы екінші жолдастық кездесу...

![ХОККЕЙ: Қазақстандықтар Италиядан есе қайтарды](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/photo_40469-300x208.jpg)

2014 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстанның хоккей құрамасы екінші жолдастық кездесуде Италиядан басым түсті, деп хабарлады Vesti.kz.

Италиядағы кездесу 4:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Шайба авторлары — Роман Старченко, Максим Семенов, Константин Романов және Николай Антропов.

Еске сала кетейік, бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Италия құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ол жолы жалғыз шайбаны Дмитрий Уппер салды.

Хоккейден Элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты Минскіде 9 мамырда басталады.

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/hokkey-aza-standy-tar-italiyadan-ese-aytardy-411922](https://yvision.kz/kk/post/hokkey-aza-standy-tar-italiyadan-ese-aytardy-411922)