---
title: "ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың бесінші ойынында «Салауат Юлаевты» тізе бүктірді"
description: "Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынынд..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-28T02:11:36+00:00"
modified: "2014-03-28T02:11:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/hl-barys-pley-offty-besinshi-oyynynda-salauat-yulaevty-tize-b-ktirdi-407225"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/hl-barys-pley-offty-besinshi-oyynynda-salauat-yulaevty-tize-b-ktirdi-407225/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың бесінші ойынында «Салауат Юлаевты» тізе бүктірді

> Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынынд...

[!\[ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың бесінші ойынында «Салауат Юлаевты» тізе бүктірді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140327215149-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140327215149.jpg)

Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынында «Салауат Юлаевқа» есе қайтарды.

Астанада өткен матч 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудің жетінші минутында Константин Руденко есеп ашқан болатын, бірақ сегіз минуттан кейін Вишневский есепті теңестірді. Ал ойынның 37-минутында Дастин Бойд жеңісті гол салды. Осы жеңісінің арқасында «Барыс» Уфаның «Салауат Юлаев» командасына жетіп қалды, сериядағы есеп «СЮ» клубының пайдасына 2:3-ке жетті. Келесі ойын 29 наурызда Уфада өтеді.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың бесінші ойынында «Салауат Юлаевты» тізе бүктірді\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Астана](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/251)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/hl-barys-pley-offty-besinshi-oyynynda-salauat-yulaevty-tize-b-ktirdi-407225](https://yvision.kz/kk/post/hl-barys-pley-offty-besinshi-oyynynda-salauat-yulaevty-tize-b-ktirdi-407225)