---
title: "«ХХІ ғасыр техникалық, ақпараттық және құқықтық даму ғасыры»"
description: "«Жаңа-Ру» жастар коалицясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі, Жамбыл облыстық пікірсайыс ода..."
author: "ceka"
published: "2014-11-08T02:26:26+00:00"
modified: "2014-11-08T02:30:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/hhi-asyr-tehnikaly-a-paratty-zh-ne-y-ty-damu-asyry-438342"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/hhi-asyr-tehnikaly-a-paratty-zh-ne-y-ty-damu-asyry-438342/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ХХІ ғасыр техникалық, ақпараттық және құқықтық даму ғасыры»

> «Жаңа-Ру» жастар коалицясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі, Жамбыл облыстық пікірсайыс ода...

«Жаңа-Ру» жастар коалицясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жамбыл политехнкалық колледжінің ұйымдастыруымен 08 қараша 2014 жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының іске асырылу жолдарын талқылау және қарастыру мақсатында «ХХІ ғасыр техникалық, ақпараттық және құқықтық даму ғасыры» тақырыбында жастар арасында дәстүрлі V-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға барлығы 50 адам қатысып, оның 12 өз ғылыми баяндамаларын қорғап, ортаға түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

Конференцияда төмендегідей бағыттарда жұмыс жүргізді.

1 бағыт: Мемлекеттік қызмет түрлерін азаматтарға насихаттаудағы мәселелер мен азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру жолдары;

2 бағыт: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – ел игілігі үшін! (тарих, әдебиет және т.б.);

3 бағыт: Жасыл экономиканы дамыту, ақпараттық технологияларды жетілдіру мен сауаттылықты арттыру жолдары.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға Сертификаттар мен Дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етті.

![«ХХІ ғасыр техникалық, ақпараттық және құқықтық даму ғасыры»](https://storage.yvision.kz/images/user/ceka/047u6JPe56yqpYsG50izLIzDVn1mNd.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/hhi-asyr-tehnikaly-a-paratty-zh-ne-y-ty-damu-asyry-438342](https://yvision.kz/kk/post/hhi-asyr-tehnikaly-a-paratty-zh-ne-y-ty-damu-asyry-438342)