---
title: "Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты"
description: "Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келі..."
author: "MickThatsMyNick"
published: "2013-02-22T15:06:00+00:00"
modified: "2013-02-22T15:06:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/hatebook-org-heyterler-men-mizantroptardy-sayty-339051"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/hatebook-org-heyterler-men-mizantroptardy-sayty-339051/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты

> Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келі...

Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келіп отыр. Өмірде де, әлеуметтік желілерде де біз дос жинағанды жөн көреміз. Ұнамағандарды жай ғана қара тізімге енгізіп қоя береміз. Мысалға, әлемге танымал әлеуметтік желі Facebook-те қолданушылар бір-біріне достық жібереді. Ал **Хейтбук** (www.hatebook.org) сайтында керісінше жау жинайсыз. Өзіңізге ұнамайтын, түсінбейтін немесе қабылдай алмайтын әрекеттер мен заттар туралы пікіріңізді жариялайсыз. Осындай антиәлеуметтік желі десек те болады. Біз үшін бір кемшілігі, сайт интерфейсінің ағылшын тілінде болуы, алайда ағылшын тілін осы сайтта өзіңіздің жек көретін нәрсеңіз туралы түсіндіруге немесе өзіңіздің жауларыңыздың жыны келетін нәрселерін түсінуге талпыну арқылы үйренуге болатындай.) Сыртынан болсын, көзінше болсын өсек айтуға да өте таптырмас құрал.

![Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/rnX47ybYQMX9EgXhM0c5zw68PXob1M.jpg)

![Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/7qQ56CrGif7i2Pkbx3fhN4cKC23rW5.jpg)

Осыған ұқсас тағы екі антипод бар, олар: www.enemybook.info және [www.hatebook.com](http://www.hatebook.com). Екеуі де ағылшын тілінде. Әзірге осыған балама қазақша сайттар, «өкінішке орай» дейік пе.. жоқ. Аталмыш сайттарға өзіңнің жек көретін адамың, әншің, баяу интернетің, жалпы кез келген зат пен әрекет туралы жазуға болады, осылайша іште жиналған жаман энергияны осы жерге шығарасыз.

![Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/euC65Algmq8JAs5d7WBFWh1DIXYe43.jpg)

![Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/LS9Y2iBlHicWckm01A3i2Qn0wZshiR.jpg)

![Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/C0J9ZNV397dXZkt42P8DTurOMrEwS4.jpg)

Хейтбук Фейсбукке өте ұқсас, бірақ онда «мен артық ештеңе жазып қойған жоқпын ба, менің жазған сөзім достарым мен таныстарыма тиіп кеткен жоқ па» деп алаңдамайсыз. «Жыным келед, жек көрем, құсқым келед, көргім келмейд» дегеннен басқа бұл жерде ештеңе жазбайсыз.

![Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/uLa3xm9tbucbC40t8f7BFH4RBL02Qo.jpg)

Сайттың дизайны ашық қызыл түсті. Қолданушының профилінде «Өзіңнің басқалардан неге күшті» екендігіңді суреттермен, видеолармен дәлелдеп, мақтанып дегендей түсіндіре алатын бөлімдері бар. Сонымен қатар қолданушылар жыны келетін заттардың тізімін құра алады, оған олар әр түрлі суреттер жүктеп, астына хейтерлік пікірлерін қалдырады.

![Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/7s0mUScGrfcj4WI9G7NzltFzyhYZ8r.jpg)

Осы антижеліде Google картасы қондырылған, ол арқылы сіз басқа қолданушылардың, яғни өзіңіздің жауларыңыздың мекен-жайын біле аласыз. Алайда желі құпиялық сақтамайды, сондықтан бұған қатты әуестенбеген жөн.

![Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/7Q76qsRmtKG190CD15Cms8HWKlNc3K.jpg)

Кез келген адам қанша тырысқанымен үнемі көңілді болып, көтеріңкі көңіл-күймен жүре алмайды, кейде тіпті уақытша жалғыз қалған да пайдалы екені жасырын емес. Әдетте интернет қолданушылар «айтатын нәрсе бар, айтпайтын яғни жазбайтын нәрсе бар деп екіге бөліп, өздерін сабырлы ұстауға тырысады, мысалға сол Фейсбукте болсын.

![Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты](https://storage.yvision.kz/images/user/mickthatsmynick/fPkWNc47boCO0bedFIOldh6X4kipS8.jpg)

Жоғарыда айтылған үш жоба [www.hatebook.org](http://www.hatebook.org) [www.hatebook.com](http://www.hatebook.com) [www.enemybook.info](http://www.enemybook.info) өмірі өкпелі, бәріне наразы және өзінің бәрінен де күшті екенін дәлелдеуден жалықпайтын адамдарға таптырмайтын «шайқас алаңы» десек асыра айтқанымыз болмас.

ПыСы: Тіркелерде «ZIP *» деген орынға өзіңіздің тұрғылықты қалаңыздың пошта индексін көрсетсеңіз жетіп жатыр. :-)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/hatebook-org-heyterler-men-mizantroptardy-sayty-339051](https://yvision.kz/kk/post/hatebook-org-heyterler-men-mizantroptardy-sayty-339051)