---
title: "Ханкөл ауылының шекарасына белгі орнатылды"
description: "Ауданымызда Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылы аумағындағы Самара – Шымкент автокөлік ж..."
author: "karatobe.nurotan.kz"
published: "2022-10-18T09:22:13+00:00"
modified: "2022-10-18T09:22:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/hank-l-auylyny-shekarasyna-belgi-ornatyldy-976479"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/hank-l-auylyny-shekarasyna-belgi-ornatyldy-976479/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ханкөл ауылының шекарасына белгі орнатылды

> Ауданымызда Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылы аумағындағы Самара – Шымкент автокөлік ж...

Ауданымызда Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылы аумағындағы Самара – Шымкент автокөлік жолы бойынанда «Қаратөбе ауданы» жазуы бар арнайы белгінің ашылу салтанаты өтті.

Көз тартар белгіні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Ханкөл орта білім беретін мектебінің 2005 жылғы түлегі Асылбек Елешов орнатып, туған жеріне тарту жасады. Аудан атауы жазылып, эмблемасы бейнеленген белгінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Қадыржан Сүйеуғалиев, Ханкөл ауылының тұрғыны партия ардагері Ғабдрахман Бисеғұлов, партияластарымыз, аудандық маслихат депутаты Классен Ирина Петровна қатысты. Туған жердің көркейіп, гүлденуіне өзіндік үлес қосқан меценатқа аудан, ауыл халқы атынан алғыстарын білдірді. Сонымен қатар шараға ауыл үлкендері, еңбек ардагерлері жастар қатысты.

– Мен осы құтты мекенде туып өстім. Туған жерім талабымды ұштап, асқақ арманыма жеткізген қасиетті мекен. Осынау атамекенімді дамыту, көркейту бағытында осындай игі істі қолға алып, еліме тарту еттім. Әліде елде атқарылар игі шаралар бар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Қаратөбеміз гүлдене берсін,- дейді кезегінде сөз алған туған жер түлегі Асылбек.

Аудан әкімі, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Қадыржан Орынбасарұлы мен Асылбек Жасұланбекұлы арнайы орнатылған белгінің лента қию рәсімін жүргізіп, белгіні салтанатты түрде ашты.

Айта кетейік, тас жол бойына жоғары талғаммен орнатылған белгінің биіктігі 4 метр 80 см болса, ұзындығы 4 метр.

Amanat партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Кенесары Нұрша

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/hank-l-auylyny-shekarasyna-belgi-ornatyldy-976479](https://yvision.kz/kk/post/hank-l-auylyny-shekarasyna-belgi-ornatyldy-976479)