---
title: "Қазақтың тарихи қолжазбасы ЮНЕСКО «Әлем жады» тізіміне енді"
description: "XVIII ғасырдың бірегей қолжазбасы, хандар тарихы, түп тамыры және халықаралық маңызы туралы толық ақпарат."
author: "karin_erlan"
published: "2025-05-30T06:06:25+00:00"
modified: "2025-05-30T06:06:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/handar-shezhiresi-yunesko-tizimindegi-ulttyk-mura-1014434"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/handar-shezhiresi-yunesko-tizimindegi-ulttyk-mura-1014434/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақтың тарихи қолжазбасы ЮНЕСКО «Әлем жады» тізіміне енді

> XVIII ғасырдың бірегей қолжазбасы, хандар тарихы, түп тамыры және халықаралық маңызы туралы толық ақпарат.

## Мемлекет басшысының тағы бір бастамасы жүзеге асырылды

«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын.

«Хандар шежіресі» қолжазбасы – XVIII ғасырда жазылған, ұзындығы 3 метрден асатын бүктеме қағаз түріндегі құжат.

ЮНЕСКО мойындаған бұл бірегей артефакт қазақ елін басқарған хандардың шежіресі бай екенін аңғартады. Сонымен қатар VI-XIX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін және олардың өзге халықтармен қалай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін ЮНЕСКО тізіміне Қожа Ахмет Яссауидің қолжазбалары, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы туралы мұрағат материалдары, сондай-ақ Арал теңізінің мұрағат қоры енгізілген болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/handar-shezhiresi-yunesko-tizimindegi-ulttyk-mura-1014434](https://yvision.kz/kk/post/handar-shezhiresi-yunesko-tizimindegi-ulttyk-mura-1014434)