---
title: "«Ханафиттік мазхаб — Орталық Азияның рухани мұрасы»"
description: "«Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында орталық қалалық мешіттің 111 жылдығына арналған «Ханафитт..."
author: "DinGovKz"
published: "2014-06-20T07:08:50+00:00"
modified: "2014-06-20T07:08:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/hanafittik-mazhab-ortaly-aziyany-ruhani-m-rasy-418685"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/hanafittik-mazhab-ortaly-aziyany-ruhani-m-rasy-418685/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ханафиттік мазхаб — Орталық Азияның рухани мұрасы»

> «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында орталық қалалық мешіттің 111 жылдығына арналған «Ханафитт...

«Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында орталық қалалық мешіттің 111 жылдығына арналған «Ханафиттік мазхаб - Орталық Азияның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, Ресей, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының, ислам университеттерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен теологтар қатысты.

Конференцияның мақсаты - Орталық Азияда қазіргі кезде қалыптасып отырған дәстүрлі діни қарым-қатынастар мәселелерін талқылау болды.

«Ақтөбе облысында діни жағдай тұрақты, мешіттердің жұмысы жақсарды, мешіттерді ұстау, имамдарға жалақы төлеу, тұрғын үй мәселелері шешілді. Бүгінде облыста 68 мешіт, 1 медресе жұмыс істейді. 2012 жылы Ақтөбеде «Аңсар» ақпараттық-кеңес беру орталығы құрылды, олар халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді», - деді Дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан.

Сонымен қатар конференцияға қатысушылар бірауыздан ханафиттік мазхаб пен оның Орталық Азияда дәріптелуін әрі қарай зерделеу қажеттілігі туралы тоқтамға келді.

Еуразия ұлттық университеттің профессоры Кенжетай Досайдың пікірінше, бүгінде Қазақстанның діни сауаттылықтың болмауы - мешіттер мен дінбасылардың проблемасы ғана емес, бұл қоғам мен мемлекетті де алаңдатып отырған жағдай.

«Ислам Қазақстанның ежелден ұстанған діні. Ата-бабаларымыздың дінін одан әрі жалғастыруымыз қажет, 12 ғасырдан бергі тарихи еңбектерді зерделеуіміз керек. Алайда бұл еңбектер қолжетімсіз күйде қалып отыр, кітаптар «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізілмеді», - деді ол.

Конференция барысында «Келіспеушіліктен ымыраласуға қадам жасау», «Діни таным мен рухани қауіпсіздік», «Діни ағарту - экстремизмнің алдын алу факторы» атты тақырыптарда секциялық жұмыстар өткізілді.

Жиын нәтижесінде Дін істер басқармасы жанындағы «Аңсар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Ресей ислам университетінің (Қазан қаласы) арасында ақтөбелік студенттерді қашықтықтан оқыту туралы екіжақты келісімшартқа қол қою күтілуде.

http://www.inform.kz/kaz/article/2670568

«Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында орталық қалалық мешіттің 111 жылдығына арналған «Ханафиттік мазхаб - Орталық Азияның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, Ресей, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының, ислам университеттерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен теологтар қатысты.Конференцияның мақсаты - Орталық Азияда қазіргі кезде қалыптасып отырған дәстүрлі діни қарым-қатынастар мәселелерін талқылау болды. «Ақтөбе облысында діни жағдай тұрақты, мешіттердің жұмысы жақсарды, мешіттерді ұстау, имамдарға жалақы төлеу, тұрғын үй мәселелері шешілді. Бүгінде облыста 68 мешіт, 1 медресе жұмыс істейді. 2012 жылы Ақтөбеде «Аңсар» ақпараттық-кеңес беру орталығы құрылды, олар халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді», - деді Дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан.Сонымен қатар конференцияға қатысушылар бірауыздан ханафиттік мазхаб пен оның Орталық Азияда дәріптелуін әрі қарай зерделеу қажеттілігі туралы тоқтамға келді. Еуразия ұлттық университеттің профессоры Кенжетай Досайдың пікірінше, бүгінде Қазақстанның діни сауаттылықтың болмауы - мешіттер мен дінбасылардың проблемасы ғана емес, бұл қоғам мен мемлекетті де алаңдатып отырған жағдай.«Ислам Қазақстанның ежелден ұстанған діні. Ата-бабаларымыздың дінін одан әрі жалғастыруымыз қажет, 12 ғасырдан бергі тарихи еңбектерді зерделеуіміз керек. Алайда бұл еңбектер қолжетімсіз күйде қалып отыр, кітаптар «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізілмеді», - деді ол.Конференция барысында «Келіспеушіліктен ымыраласуға қадам жасау», «Діни таным мен рухани қауіпсіздік», «Діни ағарту - экстремизмнің алдын алу факторы» атты тақырыптарда секциялық жұмыстар өткізілді.Жиын нәтижесінде Дін істер басқармасы жанындағы «Аңсар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Ресей ислам университетінің (Қазан қаласы) арасында ақтөбелік студенттерді қашықтықтан оқыту туралы екіжақты келісімшартқа қол қою күтілуде.http://www.inform.kz/kaz/article/2670568

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/hanafittik-mazhab-ortaly-aziyany-ruhani-m-rasy-418685](https://yvision.kz/kk/post/hanafittik-mazhab-ortaly-aziyany-ruhani-m-rasy-418685)