---
title: "Ханафи мәзҺабының ерекшелігі мен артықшылығы"
description: "Осыдан кейін Ханафи мәзҺабының басты ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы сөз қозғай аламыз. Олар..."
author: "OOLIKBEZ"
published: "2014-12-19T00:21:10+00:00"
modified: "2014-12-19T00:21:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/hanafi-m-z-abyny-ereksheligi-men-arty-shyly-y-451205"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/hanafi-m-z-abyny-ereksheligi-men-arty-shyly-y-451205/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ханафи мәзҺабының ерекшелігі мен артықшылығы

> Осыдан кейін Ханафи мәзҺабының басты ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы сөз қозғай аламыз. Олар...

Осыдан кейін Ханафи мәзҺабының басты ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы сөз қозғай аламыз. **Олар мыналар:**

- Ханафи мәзҺабы сүннетті жоққа шығармайды, оны да дәлел ретінде қабылдайды. Бірақ, хадистың бастау алар қайнар көзі болып есептелетін Хижаз өңірінен ұзақта қалғандығы үшін, әрі сол кездері хадисті ойдан шығарушылардың көбейгендігіне байланысты хадиске өте ұқыпты қараған.

- Ханафи фиқһ кітаптарының тек Әбу Ханифа емес, сонымен бірге шәкірттерінің-мужтаһид ғалымдардың берген үкімдерінен де құралғанын атап көрсеткеніміз жөн. Мысалы, пайдасы Аллаһ жолында жұмасалатын жылжымайтын мүлікті егесінің қайтарып ала алмауы жайындағы үкім Әбу Ханифаның емес, оның шәкірттері Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің пікірі болып табылыды. Ал Әбу Ханифа кейбір шарттар орындалмаса қайтадан алуға болады деген пікірді ұстанған.

- Ханафи мәзҺабының ерекшелігі сол шариғатқа қайшы келмейтін халқымыздың дәстүрлерінің, әдеп-ғұрыптарының барлығына хикметпен қарайды.

- Халқы біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орта Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай, ұрыс-керіс, дау-жанжалдан іргесін аулақ салуының да бірден-бір сыры осында. Өйткені құлшылық амалдарының бір болуы ондай жат пиғылдың тууына жол бермейді.

- Қазақстанда мекендеген халықтың 76% ислам діні, Ханафи мәзҺабын ұстанады. Әбу Ханифа мәзҺабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік берумен, демократиялығымен де ерекшеленеді. Біздің жартылый көшпенді халқымыздың бұл мәзҺабты қабылдауының тағы бір себебі – өз дүние танымы, болмысы мен діліне оның тонның ішкі бауындай жақындығында.

Әбу Ханифа фиқһ ілімінің түрлі тармақтарға жүйеленген негізін қалап оны алғаш жинақтаған адам. Одан бұрын бұл іспен ешкім айналыспаған. Өйткені сахабалар мен табиундар шариғат негіздерін баптарға бөлмеген әрі арнайы кітап жазбаған. Олар түйсік, ақыл құдіреттеріне сенетін. Олардан кейін Әбу Ханифа білімінің жүйеленбегенін көріп, әрі кейбір ағымдардың теріс пиғылдарынан мұсылмандарды сақтандыру мақсатында олардың даңғыл болашағы – мәзһаб жолын салды. Осы себепке байланыста Әбу Ханифа фиқһты жинақтап, оларды баптарға бөлді. Кітап төрінде бөлім-бөлімге бөліп жазды. “Китабу Тахараттан” (Тазалық) бастап мұсылмандардың тыныс тіршілігін толық қамтитын заңдар жүйесін түзді.

***Ордабасы ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша***

Кездесуді ұйымдастырған: Шамшиев М. ЖК, моб.тел: 8 775 681 33 33

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/hanafi-m-z-abyny-ereksheligi-men-arty-shyly-y-451205](https://yvision.kz/kk/post/hanafi-m-z-abyny-ereksheligi-men-arty-shyly-y-451205)