---
title: "Халықтың трагедиясы"
description: "Америка құрылығында баяғыдан бері ұлттық мемлекет болмаған. Солтүстік пен оңтүстік Америкада орнала..."
author: "Gaziz_Tortbayev"
published: "2018-01-27T17:18:35+00:00"
modified: "2018-01-27T17:18:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-tragediyasy-794275"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-tragediyasy-794275/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Халықтың трагедиясы

> Америка құрылығында баяғыдан бері ұлттық мемлекет болмаған. Солтүстік пен оңтүстік Америкада орнала...

Америка құрылығында баяғыдан бері ұлттық мемлекет болмаған. Солтүстік пен оңтүстік Америкада орналасан ондаған мемлекеттің тілі Европада орналасқан ұлттардың тілдері: ағылшын, испан, португал, француз тілі. Африка елдерінің мемлекеттік тілдері, негізінен сол баяғы: француз және ағылшын тілдері. Ендігі кезек космополит және мәңгүрт болу Азия мен Таяу шығыс елдерінде. Дүние жүзінде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың, ұлттардың соңғы 100 жылдағы ең үлкен трагедиясы - өзі өсіріп, тәрбиелеп, үлкен өмірге аттандырған азаматтарының, белгілі бір лауазымға ие болып, қызметі көтерілгеннен кейін өз ұлтының рухани байлығынан, ұлттық қадір - қасиетінен, өзінің туған ана тілінен, мәдениетінен, әке - шешесінің берген тәлім - тәрбиесінен теріс айналып, оған жиіркене қарап, басқа теуіп кеткендігінде.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-tragediyasy-794275](https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-tragediyasy-794275)