---
title: "Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету"
description: "Медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді. Ж..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2021-04-28T09:32:54+00:00"
modified: "2021-04-28T09:32:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-leumettik-or-au-salasynda-zhartylay-stacionar-zha-dayynda-arnauly-leumettik-yzmet-k-rsetu-932935"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-leumettik-or-au-salasynda-zhartylay-stacionar-zha-dayynda-arnauly-leumettik-yzmet-k-rsetu-932935/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

> Медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді. Ж...

Медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін ОЖБ әзірлеу кезінде МӘС мамандары "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген жартылай стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын (бұдан әрі-стандарт) басшылыққа алады.

Күндізгі болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар болып танылады.

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қажет болған жағдайда оңалту орталықтарында (қызмет алушы басқа елді мекенде тұрған жағдайда немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша) түнде болуды қамтамасыз ете отырып, тәуліктің күндізгі уақытында (күніне төрт сағаттан он сағатқа дейін) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.

Он сегіз жастан асқан адамдардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуы медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады:

жіті және жітілеу сатыдағы психикалық аурулар;

созылмалы психикалық аурудың өршу жағдайы;

көрсетілетін қызметтерді алушының өзі және айналасындағылар үшін қауіпті, айқын көрінген психотикалық симптоматикамен, дөрекі тартылу бұзылыстарымен және мінез-құлқының бұзылуларымен сипатталатын психикалық аурулар, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін, жиі декомпенсациялармен аурудың асқынуына немесе қайталануына бейімділігі бар кез келген ұстамалы түрдегі немесе прогредиентті ағымды психикалық аурулар;

эпилепсия және басқа этиологиядағы құрысу синдромы, жиі (айына бес реттен көп) ұстамалар, сериялық ұстамаларға бейімділік, эпилептикалық мәртебе, сананың қалыпты жағдайы, дисфория;

созылмалы алкоголизм, нашақорлық, созылмалы алкоголизммен немесе кез келген ауытқулармен асқынған басқа да психикалық аурулар;

әр түрлі генездегі айқын депрессиялық және маникалық күйлер, ұзаққа созылған реактивті күйлер;

айқын білінетін психопатиялық синдромдар, эксплозивті, параноидті, истерикалық психопатиялар;

процестің белсенді сатысындағы туберкулез, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, жыныстық жолмен берілетін аурулар;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулар;

зейнеткерлік жасқа толған, өз бетінше қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайы бойынша жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектер мен қарт адамдар үшін.

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны оның құрылтайшысы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу (түзету) үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін мынадай құжаттар қажет: 1) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге ұсыныммен медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу (031/у нысаны) (мүгедектің тіркелген жері бойынша медициналық ұйым толтырады); 2) салыстырып тексеру үшін куәландырылатын адамның жеке куәлігі.

***

Специалистами медико-социальной экспертизы разрабатываются индивидуальная программа реабилитации (ИПР) инвалида. При разработке ИПР для предоставления специальных социальных услуг в организациях полустационарного типа, специалисты МСЭ руководствуются стандартом оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения в условиях полустационара(далее-стандарт) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года « О специальных социальных услугах».

Организациями полустационарного типа признаются отделения дневного пребывания, территориальные и реабилитационные центры.

Организация полустационарного типа предназначена для оказания специальных социальных услуг в дневное время суток (от четырёх до десяти часов в день) с обеспечением при необходимости в реабилитационных центрах (в случае проживания получателя услуг в другом населённом пункте или по решению местных исполнительных органов для инвалидов, имеющих нарушения опорно-двигательного аппарата) ночного пребывания.

Медицинскими противопоказаниями для пребывания лиц старше восемнадцати лет в организации полустационарного типа являются наличие:

психических заболеваний в острой и подострой стадии;

состояния обострения хронического психического заболевания;

психических заболеваний, характеризующихся выраженной психотической симптоматикой, грубыми нарушениями влечения и расстройствами поведения, опасными для самого получателя услуг и окружающих, а именно любые приступообразные или прогредиентно текущие психические заболевания со склонностью к частым обострениям или рецидивам болезни с частыми декомпенсациями, нуждающиеся в стационарном лечении в специализированных медицинских организациях;

эпилепсии и судорожного синдрома другой этиологии с частыми (более пяти раз в месяц) припадками, склонностью с серийным припадкам, эпилептическому статусу, с умеренным состоянием сознания, дисфориям;

хронического алкоголизма, наркомании, других психических заболеваний, осложнённых хроническим алкоголизмом или любыми видами аномалий;

выраженных депрессивных и маниакальных состояний различного генеза, затяжных реактивных состояний;

выраженных психопатоподобных синдромов, психопатии эксплозивной, параноидной, истерической;

туберкулёза в активной стадии процесса, карантинных инфекций, заразных заболеваний кожи и волос, заболеваний, передающихся половым путем;

других заболеваний, требующих стационарного лечения в специализированных медицинских организациях;

для инвалидов и престарелых лиц, достигших пенсионного возраста, не способных самостоятельно себя обслуживать и нуждающихся по состоянию здоровья в оказании специальных социальных услуг в условиях полустационара.

Организация полустационарного типа является юридическим лицом, либо структурным подразделением юридического лица, создаётся его учредителем и осуществляет свою деятельность в соответствии с учредительными документами, законодательством Республики Казахстан.

Для разработки (коррекции) социальной части ИПР для предоставления специальных социальных услуг в организациях полустационарного типа необходимы следующие документы: 1) направление на медико-социальную экспертизу (форма 031/у) с рекомендацией на предоставление специальных социальных услуг в организациях полустационарного типа (заполняет медицинская организация по месту прикрепления инвалида), 2) удостоверение личности освидетельствуемого лица для сверки.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-leumettik-or-au-salasynda-zhartylay-stacionar-zha-dayynda-arnauly-leumettik-yzmet-k-rsetu-932935](https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-leumettik-or-au-salasynda-zhartylay-stacionar-zha-dayynda-arnauly-leumettik-yzmet-k-rsetu-932935)