---
title: "Халықтың кез келген дабылына уақытылы жауап беру"
description: "2015 жылғы 30 сәуірде Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында ҚР..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2015-05-07T00:53:11+00:00"
modified: "2015-05-07T00:53:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-kez-kelgen-dabylyna-ua-ytyly-zhauap-beru-499524"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-kez-kelgen-dabylyna-ua-ytyly-zhauap-beru-499524/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Халықтың кез келген дабылына уақытылы жауап беру

> 2015 жылғы 30 сәуірде Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында ҚР...

2015 жылғы 30 сәуірде Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің Төрағасы Қ. А. Жапақов азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының бұзушылықтары, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының бос лауазымды мемлекеттік әкімшілік орындарына конкурс өткізуді ұйымдастыру кезінде талаптарды орындамау туралы, жер заңнамасының бұзышылықтары, квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлердің «тазалығы» және тағы да басқа сұрақтар қарастырылып, табыстарды жариялау мәселесі туралы түсініктемелер берілді.

Азаматтарды қабылдау барысында барлық келіп түскен өтініштерге нақты ұсынымдар берілді,өзекті мәселелердің бірқатары ерекше бақылауға алынды. Жеке қабылдау барысында Жапаков К.А. жалпы 8 азаматтарды қабылдады.

Келешекте Департаменттің басшыларымен осындай азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру өз жалғасын табатын болады, өйткені бұл жұмыс азаматтардың өзекті мәселелерін нақты шешуге, мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімнің артуына ықпал етеді.

![Халықтың кез келген дабылына уақытылы жауап беру](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/3F63pHDRV80VCQ7lS7tD1UW37EMfGC.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-kez-kelgen-dabylyna-ua-ytyly-zhauap-beru-499524](https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-kez-kelgen-dabylyna-ua-ytyly-zhauap-beru-499524)