---
title: "«Халықтық IPO» бағдарламасы"
description: "«Халықтық IPO» - бұл бірегей бағдарлама, ол Қазақстан азаматтарына ірі ұлтты компаниялар акцияларын ..."
author: "MalikaD"
published: "2014-09-23T03:40:08+00:00"
modified: "2014-09-23T03:40:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-ipo-ba-darlamasy-430774"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-ipo-ba-darlamasy-430774/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Халықтық IPO» бағдарламасы

> «Халықтық IPO» - бұл бірегей бағдарлама, ол Қазақстан азаматтарына ірі ұлтты компаниялар акцияларын ...

*«Халықтық IPO» - бұл бірегей бағдарлама, ол Қазақстан азаматтарына ірі ұлтты компаниялар акцияларын сатып алуына, сондай-ақ олардың ықтимал пайдасының бір бірлігін алып қана қоймай, сонымен қатар олардың дамуына қатысуға мүмкіндік береді.*

«Халықтық IPO» өзінің жалпы түсінігінде мемлекеттің ұлттық байлығын олардың азаматтары арасында білу дегенді білдіреді. Көптеген дамыған батыс елдері, мысалы, Ұлыбритания осындай бағдармаларды ойдағыдай өткізді.

IPO (Initial Public Offering) - «алғашқы жария ұсыныс» деп аударылады. Бұл термин қаржы операциясын білдіреді, оның барысында компания алғаш рет жұртшылыққа өз акцияларын сатып алуды ұсынады.

Қатысушы компаниялар – бұл тұрақты компаниялар, олардың акцияларының құны ұзақ мерзімді перспективада өседі. Бұл тұрақтылық инвесторларды тартады, өйткені оларға деген сұранысты ұстап тұрады, ал бұл бағаның да ұсталып тұратының білдіреді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/malikad/aVk1mt8DjHGsSLzfKZ0rB682xyTs5N.jpg)

«Халықтық IPO» Қазақстанда 2012 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» (ҚТО) АҚ акцияларын орналастырған сәттен басталды. Қазақстандық қор биржасында (KASE) ҚТО-ны барлығы 38 463 559 дана (компанияның орналастырған акцияларының жалпы санының 10 пайызына жуығы)қарапайым акциясы сатылды. Осылайша Қазақстанның 33 989 азаматы алғашқы халықтық акционерге айналды.

Бағдарлама аясында 2013-2015 жылдары мемлекеттік қатысуы бар басқа да компаниялардың: «KEGOC» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы»АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларын бастапқы орналастыру жоспарлануда. «Халықтық IPO»-ның әрбір эмитент-компаниясы бойынша түпкілікті шешімді ҚР Үкіметі қабылдайды.

Қазақстан үшін «Халықтық IPO» - бұл экономиканы дамытуға халықтың ақшасын тарту тәсілі.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/malikad/uaffo8T2mc9VPCHgZQktX6eMLP85UW.jpg)

Тартылған ақшаларды ұлттық компаниялар өзінің әрі қарай дамуына, қызметін жақсартуға, және кеңейтуге салуы мүмкін.

Одан басқа, «Халықтық IPO» қазақстандықтарды қор нарығының қызметіне тарта отырып, өздерінің қаржы сауаттылығын арттыруға ынталандырады. Халықтың белсенділігі ірі инвесторларды тартады, олар біздің нарығымызға үлкен ақшалар әкеледі. Бұл біздің экономикамыз үшін өте маңызды.

«Халықтық IPO» бағдарламасы – бұл Қазақстан азаматтарына өзінше инвестициялар. Бұл капиталды көбейтудің жаңа қаржылық құралы. Құралдардың әртүрлілігі өз қаржы жоспарларын іске асыру үшін көбірек мүмкіндіктер береді. Мысалы, қазіргі кезде халық жинақтарының үлкен бөлігі депозиттерде сақталады. Депозиттер ақшаларды жақсы сақтайды, бірақ оның айтарлықтай көбейтілетіні туралы айтуға да тұрмайды. Акциялар неғұрлым жоғары тәуекелдерге байланысты, бірақ сонымен қатар олар неғұрлым жоғары пайда түсіруді қамтамасыз етуі мүмкін. Мысалы, депозиттер бойынша ең жоғары төлем шамамен 11% тең, ал акциялар құны жайында айтатын болсақ,

«ENRC» АҚ акцияларының құны 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде 384% өсті. Яғни бірінші жағдайда әрбір салынған 1000 теңгеге біз 80-90 теңге аламыз, ал екінші жағдайда – 2840 теңге аламыз. Мысалы, «ENRC» шынымен нақты, сіз қор биржасының сайтынан ([www.kase.kz](http://www.kase.kz/kz)) алынатын статистикамен таныса отырып бұған көз жеткізе аласыз. Алайда, акциялардың ықтимал жоғары табыстылығының кері жағы да бар – тәуекелдер. Мысалы, «КАМАЗ» ААҚ акцияларының бағасы 2011 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезеңде 46% төмендеп кетті.

Осы екі мысал – қор нарығы оқиғаларының алуан түрлілігін құрайтын жеке жағдайлар. Оның ерекшелігі осы алуан түрлілікте. Сіз, бейнелі түрде айтқанда, балықты тұнық суда, тыныш айлақта аулай аласыз және бұл ретте шамалы, бірақ тұрақты түсіммен қанағаттанасыз, сондай-ақ үлкен табысты іздей отырып, залалдарға тап болу тәуекеліне бел байлап, ашық теңізге де шыға аласыз. Таңдау – бұл әр адамның жеке ісі және оның болғаны да жақсы. Атап айтқанда таңдауды қор нарығы ұсынады, ал «Халықтық IPO» - қор нарығымен танысу үшін жақсы бастама.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-ipo-ba-darlamasy-430774](https://yvision.kz/kk/post/haly-ty-ipo-ba-darlamasy-430774)