---
title: "«Халық бірлігі және жүйелі реформалар– ел өркендуінің берік негізі»атты жыл сайынғы халыққа жолдауы"
description: "ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУСАПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ1 қыркүйек – Білім күнімен тұспа-тұс Президентіміз Қ.Тоқаевтың «Халы..."
author: "akzhaiyk.nurotan.kz"
published: "2021-09-07T06:52:13+00:00"
modified: "2021-09-07T06:52:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-birligi-zh-ne-zh-yeli-reformalar-el-rkenduini-berik-negizi-atty-zhyl-sayyn-y-haly-a-zholdauy-947352"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-birligi-zh-ne-zh-yeli-reformalar-el-rkenduini-berik-negizi-atty-zhyl-sayyn-y-haly-a-zholdauy-947352/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Халық бірлігі және жүйелі реформалар– ел өркендуінің берік негізі»атты жыл сайынғы халыққа жолдауы

> ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУСАПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ1 қыркүйек – Білім күнімен тұспа-тұс Президентіміз Қ.Тоқаевтың «Халы...

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

1 қыркүйек – Білім күнімен тұспа-тұс Президентіміз Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендуінің берік негізі» атты жыл сайынғы халыққа жолдауы жарық көрді. Биылғы жылғы жолдауда білім беру саласындағы бірқатар жетістіктер мен алға қойған мақсаттар ашып айтылған. Қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Бұл – еліміздің болашағы жастарды, шәкірттерді тәрбилеудегі ұстаздар еңбегінің бағалануы деп білемін.

Пандемия кезінде қашықтан оқыту кезінде елімізде интернет сапасының нашарлығы байқалған болатын. Осы орайда кейбір шалғай ауылдардағы оқушылардың білім алуына қиындықтар болды. Аталған мәселелер қайталанбау мақсатында және елдегі эпидемиялогиялық ахуал тұрақталуына байланысты оқушылар, студенттер биылғы жылы дәстүрлі оқу форматында білім алатын болады. Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бастауыш сынып оқушыларына жаңа әліппе табысталды.

Жолдауда айтылғандай орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Қазіргі кезде 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу туралы тапсырма берген болатын. Мектептерді бюджет қаржысына салумен қатар, осы өзекті мәселені шешуге жеке секторды да тартқан жөн екенін атап өтті.

Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы – тұрмысы төмен отбасының балалары. Бұл жағдайды түзету мақсатында сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілетін болады.

Жоғарыда көтерілген мәселелердің барлығы да білім сапасын арттыруға тікелей қатысты. Президент Қазақстан халқын жұмылып жұмыс жасауға, жақсы өзгерістерге ден қоюға шақырды. Жолдаудың әр сөзі ел болашағымен тікелей байланысты.

Ұстаз, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Есеналиева Қалампыр Қобыландықызы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-birligi-zh-ne-zh-yeli-reformalar-el-rkenduini-berik-negizi-atty-zhyl-sayyn-y-haly-a-zholdauy-947352](https://yvision.kz/kk/post/haly-birligi-zh-ne-zh-yeli-reformalar-el-rkenduini-berik-negizi-atty-zhyl-sayyn-y-haly-a-zholdauy-947352)