---
title: "«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет"
description: "Мемлекеттік қызметті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұда..."
author: "ceka"
published: "2014-10-27T12:37:55+00:00"
modified: "2014-10-27T12:37:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-zh-ne-respublikaly-ma-yzy-bar-zhalpy-paydalanymda-y-avtomobil-zholdaryny-b-lingen-beldeui-436124"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-zh-ne-respublikaly-ma-yzy-bar-zhalpy-paydalanymda-y-avtomobil-zholdaryny-b-lingen-beldeui-436124/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет

> Мемлекеттік қызметті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұда...

Мемлекеттік қызметті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ХҚО-қа жүгінгенде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына [1-қосымшада](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000064#z78) белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;

2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы; 3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын [құжат](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1300000073#z37) өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Порталға жүгінгенде:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі электрондық сұрау салуға тіркелетін түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландыратын электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл

облысы бойынша филиалының

Талас аудандық бөлімі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-zh-ne-respublikaly-ma-yzy-bar-zhalpy-paydalanymda-y-avtomobil-zholdaryny-b-lingen-beldeui-436124](https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-zh-ne-respublikaly-ma-yzy-bar-zhalpy-paydalanymda-y-avtomobil-zholdaryny-b-lingen-beldeui-436124)