---
title: "Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирінде аса сирек кездесетін үш соққы жасалды"
description: "Алматыда «Жайлау» гольф-шипажайында осымен 10-шы рет өткізілген Халықаралық Kazakhstan Open 2014 ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-09-23T02:27:52+00:00"
modified: "2014-09-23T02:27:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-kazakhstan-open-golf-turnirinde-asa-sirek-kezdesetin-sh-so-y-zhasaldy-430751"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-kazakhstan-open-golf-turnirinde-asa-sirek-kezdesetin-sh-so-y-zhasaldy-430751/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирінде аса сирек кездесетін үш соққы жасалды

> Алматыда «Жайлау» гольф-шипажайында осымен 10-шы рет өткізілген Халықаралық Kazakhstan Open 2014 ...

[!\[Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирінде аса сирек кездесетін үш соққы жасалды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140922141703-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140922141703.jpg)

Алматыда «Жайлау» гольф-шипажайында осымен 10-шы рет өткізілген Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф турнирінде аса сирек кездесетін үш соққы жасалды.

Шведциялық гольфші Хоаким Лагерген «hole-in-one» жасады. Оның 140 метр жерден соққан добы ойыққа дәл келіп түсті. Ойықтың диаметрі 108 миллиметр екені белгілі. «Кейін, турнирдің екінші, бұлтты күні 4-ші алаңқайда Уильям Харольд 255 ярдтық қашықтықтан «hole-in-one» жасады. Және бүгін турнирдің соңғы күні тоғызыншы алаңқайдың бестік парында қиындау жерде жатқан доп ойыққа бес соққының орнына екі соққымен түсіп, «альбатрос» жасалды. Оның авторы — гольфші Йокке Рокса» — деді Қазақстан Гольф федерациясының атқарушы хатшысы Константин Лифанов. Сондай-ақ гольфші Йокке Рокса осы турнирде допты ең алыс қашықтыққа соқты. Оның соққан добы 320 метр жерге дейін ұшып барып, тоғызыншы алаңқайға түскен. Айта кетелік, бұл жерде1 ярд — 91,44 сантиметр. «Hole-in-one» — 3 парлық алаңқайдағы ойыққа допты бір соққымен түсіру, яғни минус 2 соққы үнемделді деген сөз. «Альбатрос» — гольфшінің допты 5 парлық алаңқайдағы ойыққа екінші соққымен салуы, яғни үш соққы үнемделді. Бұл, гольфте аса сирек кездесетін жағдай. «Пар» — гольфшы алаңқайдың ресми көрсетілген парына сәйкес соққы жасауы. Мысалы, 5 парлық алаңқайдың ойығына допты бес соққымен салуы.

Автор: [Жаппарберген Айбота](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/989)

Басты сөздер: [Алматы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/253) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-kazakhstan-open-golf-turnirinde-asa-sirek-kezdesetin-sh-so-y-zhasaldy-430751](https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-kazakhstan-open-golf-turnirinde-asa-sirek-kezdesetin-sh-so-y-zhasaldy-430751)