---
title: "Халықаралық Би күніне арналған Үнді халқының биінің концерті"
description: "9 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Халықаралық би күніне арналған Үнді би..."
author: "kaztube1"
published: "2013-04-09T10:14:23+00:00"
modified: "2013-04-09T10:14:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-bi-k-nine-arnal-an-ndi-hal-yny-biini-koncerti-346649"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-bi-k-nine-arnal-an-ndi-hal-yny-biini-koncerti-346649/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Халықаралық Би күніне арналған Үнді халқының биінің концерті

> 9 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Халықаралық би күніне арналған Үнді би...

9 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Халықаралық би күніне арналған Үнді биі концерті өтті. Концерттің өтуіне Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі қолдау көрсетті.

![Халықаралық Би күніне арналған Үнді халқының биінің концерті](http://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/0cEzDLW2s4QF3782aj2M4d5bYT5J5a.png)

Концертке Үндістаннан арнайы қонақтар келді. Оның бірі - Ханым Свати Синха (төменде суретте).

Ханым Свати Синха - қазіргі кезде Үндінің классикалық үлгідегі Катхак биін Джайпур стилінде шебер орындаушылардың бірі. Свати Синханың би өнерінде тартымды, ширақ, мәнерлі қасиеттерімен өзіндік стилі бар.

![Халықаралық Би күніне арналған Үнді халқының биінің концерті](http://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/bEmfzvz031OAaN52wVwq1n115ubLYB.png)

Үндістаннан келген екінші қонақ - Пандит Раджендра Гангани (төменде суретте).

Пандит Раджендра Гангани - қазіргі кезде Үндінің классикалық Катхакбиін шебер орындаушыларының бірі. Өзінің өнерімен, сахналық мәдени шеберлігімен Раджендра - жаңа бағытта өнерін шығармашылықпен дамытып келе жатқан әртіс.

![Халықаралық Би күніне арналған Үнді халқының биінің концерті](http://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/SZyfurJdjB75TCET45HvIxv1ZOuy83.png)

Үнді биінде әрбір қимылдың мағынасы, айтар сөзі бар. Мұны концерт барысында жүргізуші тәптіштеп түсіндіріп берді.

![Халықаралық Би күніне арналған Үнді халқының биінің концерті](http://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/X71xnZm9byB8BfI9yjmnNPc6ys4uWo.png)

Әрбір биші аяғына сылдырмақтар тағып шығады. Ол әр қимылдың даусы шығып, көрерменге керемет әсер беру үшін керек. Бишілер көбіне поэзия биледі.

![Халықаралық Би күніне арналған Үнді халқының биінің концерті](http://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/mG42RhZt4PGzC75WvVk5T5FyiW1OmM.png)

Бұл кеш өте керемет өтті. Алдағы уақытта біздің порталдан видео нұсқасын көре аласыздар. Күтіңіздер :)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-bi-k-nine-arnal-an-ndi-hal-yny-biini-koncerti-346649](https://yvision.kz/kk/post/haly-araly-bi-k-nine-arnal-an-ndi-hal-yny-biini-koncerti-346649)