---
title: "«Халыққа қызмет көрсету орталығы» хабарлайды!"
description: "«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімінде ..."
author: "ceka"
published: "2014-10-27T12:39:41+00:00"
modified: "2014-10-27T12:39:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-y-habarlaydy-436129"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-y-habarlaydy-436129/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Халыққа қызмет көрсету орталығы» хабарлайды!

> «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімінде ...

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімінде ***«Connection Point»*** өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы қызмет көрсетуде. Ендігі жерде электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез келген адам оператордың босауын күтпей-ақ, арнайы жабдықталған орында қызметті өздігінен ала алады. Ал, қажет болған жағдайда арнайы оқытылған кеңесші көмек береді. Міне, осылай мемлекетпен онлайн-әңгімелесудің басымдығын бағалап үлгерген, бірақ техникалық мүмкіндігі жоқ қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерді жедел және кезексіз алуына қолайлы мүмкіндік жасалып отыр. Электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ клиенттерге оны электрондық үкімет бұрыштарынан және өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында өздігінен алуына болады. Келесі жолы, басымдықтарды білген азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына бармастан, өз уақытын үнемдеп, қызметті өз компьютерінен ала алады. Біздің мекенжайымыз: Қаратау қаласы,

А. Молдағұлова көшесі, 51 үй.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-y-habarlaydy-436129](https://yvision.kz/kk/post/haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-y-habarlaydy-436129)