---
title: "Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық кезекті брондау"
description: "Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық кезекті брондау үшін Электрондық үкімет порталында..."
author: "ceka"
published: "2015-05-25T04:17:36+00:00"
modified: "2015-05-25T04:17:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-tarynda-elektrondy-kezekti-brondau-504534"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-tarynda-elektrondy-kezekti-brondau-504534/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық кезекті брондау

> Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық кезекті брондау үшін Электрондық үкімет порталында...

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық кезекті брондау үшін Электрондық үкімет порталында (egov.kz) электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) және тіркелу міндетті емес.

Өтініш беруші электрондық кезектің талонын брондап қойылған уақыттан бастап 30 минуттың ішінде алуына құқылы.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекке алдын ала тұру туралы ақпаратты сіз қызметтерді алу [тарихында](http://egov.kz/wps/myportal/historyService) қарай аласыз. Бұл үшін сіз "электрондық үкімет" порталында [авторлануыңыз қажет](http://egov.kz/wps/portal/login).

 

**Қызмет көрсету тәртібі:**

Қызмет үш қадам бойынша көрсетіледі:

- «ХҚКО таңдау» - ЖСН (Жеке сәйкестіндіру нөмірін) енгізіп, қажетті ХҚКО көрсетіледі.

- «Келуді жоспарлау» ХҚКО-да қажетті қызметті көрсетіп, қолайлы келу уақытын көрсетіңіз (күні мен уақыты).

- «Алдын ала келісу нәтижесі» - сізге алдын ала келісу нәтижесі туралы хабарлама келеді.

Кезекті онлайн брондау аяқталғаннан кейін көрсетілген ХҚКО-да таңдалған уақытта "Брондау" батырмасын басып, талондар беру терминалы арқылы электронды кезек талонын алу қажет. ЖСН көрсетіңіз, одан кейін терминал электрондық кезек талонын береді, осы бойынша сізді тағайындалған терезеде 30 минут ішінде қабылдайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-tarynda-elektrondy-kezekti-brondau-504534](https://yvision.kz/kk/post/haly-a-yzmet-k-rsetu-ortaly-tarynda-elektrondy-kezekti-brondau-504534)