---
title: "Халыққа бір табан жақындай түстік!"
description: "«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК мен «Қазпошта» АҚ арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық..."
author: "ceka"
published: "2014-06-19T03:55:29+00:00"
modified: "2014-06-19T03:55:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-a-bir-taban-zha-ynday-t-stik-418552"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/haly-a-bir-taban-zha-ynday-t-stik-418552/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Халыққа бір табан жақындай түстік!

> «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК мен «Қазпошта» АҚ арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық...

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК мен «Қазпошта» АҚ арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға және 2013 жылғы 27 мамырдағы екі жақты деңгейде мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, өткен жылдың 11 қыркүйегінен бастап қызметтер Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының 10 пилоттық ауылдық почталық байланыс бөлімшелерінде (бұдан әрі - АПББ) көрсетіліп жатыр.
Өткен жылдың 20 шілдесінде АПББ -ны ХҚКО ЫАЖ -ға қосу мәселесі бойынша Меморандум аясында ҚР ККМ МҚАК, «Қазпочта» АҚ мен «ҰАТ» АҚ бірлесе өткен хаттамаға қол қойылды, онда техникалық мүмкіндікті қосу схемасы келісілді.
Сондай-ақ, өткен жылдың 19 тамызында бірінші 5 АПББ бойынша АПББ-да мемлекеттік қызметтер ұсынуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы шартқа қол қойылды, ө.ж. 27 қарашасында келесі 5 АПББ бойынша осы шартқа №1-қосымша келісімге қол қойылды.

![Халыққа бір табан жақындай түстік!](https://storage.yvision.kz/images/user/ceka/1Ja1DlYB9AXf8jG4ev6UL88HrSTQcZ.jpg)

Қазіргі уақытта «Қазпошта» АҚ-мен 3 жылдық кезеңге 196 автоматтандырылған АПББ-да ХҚКО өкілдіктерін ашу жөніндегі мәселе пысықталып жатқандығын, кесте әзірленіп, оның ҚР ККМ МҚАК-та келісуде жатқандығын қосымша хабарлаймыз.
Осыған орай, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылы, Байзақ ауданы, Бурыл ауылында а.ж. мамыр айынан бастап «Қазпошта» бөлімінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімшесі ашылып және мемлекеттік қызметтер көрсетіліп жатқандығы туралы назарларыңызға жеткізіміз. 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін электрондық қызметтердің тізбесі  (Е – қызметтер):
- Тұратын жерінен мекенжай анықтамасын беру

- Жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлігінің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама беру

- Заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлігінің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама беру

- Жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы (кепілге салынғандығы) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру

- Заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы (кепілге салынғандығы) және оның теехникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру

- Жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтары туралы анықтама беру

- Заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтары туралы анықтама беру

- Салымшы қаражаты қозғалысының түскені туралы ақпарат беру

- Сотталғандығы болуы немесе жоқтығы туралы анықтама беру

- «Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы» анықтама беру

- «Заңды тұлға филиалдарының және өкілдіктерінің болуы туралы» анықтама беру

- «Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы» анықтама беру

- «Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы» анықтама беру

- Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама беру

- Тіркелген заңды тұлға туралы тапсырылған күнге анықтама беру

- Құрылтай құжаттарына соңғы енгізілген өзгерістер туралы анықтама беру

- Заңды тұлғаның үлесіне салынған тыйымдар туралы анықтама беру

- Заңды тұлғаны әрекетсіз тұлға деп тану немесе оның қатысушыларының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатыстылығы туралы анықтама беру

- Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру

- Аты-жөнінің өзгергендігі туралы анықтама беру

- Туылғаны туралы анықтама беру

- Некеге отырғаны/некенің бұзылғаны туралы анықтама беру

- Жер теліміне бастапқы құқық беретін құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру

- Жер теліміне сәйкестендіргіш құжатты дайындау туралы ақпарат беру

- Жер теліміне кадастрлық ақпарат беру

- Жер телімінің тиістілігі туралы ақпарат беру

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/haly-a-bir-taban-zha-ynday-t-stik-418552](https://yvision.kz/kk/post/haly-a-bir-taban-zha-ynday-t-stik-418552)