---
title: "ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының қатысушылары!"
description: "2019 жылдың 5 мамырда Республикалық конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды.Қазіргі уақытта..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-05-22T04:52:28+00:00"
modified: "2019-05-22T04:52:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/habarlandyru-rmetti-r-zdik-memlekettik-yzmetshisi-respublikaly-konkursyny-atysushylary-832846"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/habarlandyru-rmetti-r-zdik-memlekettik-yzmetshisi-respublikaly-konkursyny-atysushylary-832846/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының қатысушылары!

> 2019 жылдың 5 мамырда Республикалық конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды.Қазіргі уақытта...

2019 жылдың 5 мамырда Республикалық конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды.

Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша конкурсқа қатысуға 400 астам мемлекеттік қызметші өтініштерін білдірді.

Республикалық конкурстың бірінші кезеңінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу жөнінде үміткерлерді тестілеуден өткізу қарастырылған.

Барлығы 5 құжат бойынша («Қазақстан - 2050» Стратегиясы, «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары», 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы) 50 тестілеу сұрақтары ұсынылады.

Әрбір сұраққа жалғыз дұрыс жауабы бар 5 нұсқа ұсынылады. Дұрыс жауап 2 балдан, жоғары саны 100 балды құрайды.

50 және одан жоғары бал жинаған үміткер конкурстың келесі кезеңі – өңірлік әңгімелесуге (өңірлік конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат) жіберіледі.

ТЕСТІЛЕУ 2019 ЖЫЛДЫҢ 25 МАМЫРЫ «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның базасының тестілеу залында ӨТКІЗІЛЕДІ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/habarlandyru-rmetti-r-zdik-memlekettik-yzmetshisi-respublikaly-konkursyny-atysushylary-832846](https://yvision.kz/kk/post/habarlandyru-rmetti-r-zdik-memlekettik-yzmetshisi-respublikaly-konkursyny-atysushylary-832846)