---
title: "Хабарландыру! Құрметті ата-аналар мен түлектер!"
description: "І. «Қала әкімдігі жыл сайын қаладағы мектеп түлектеріне, атап айтқанда жетім балаларға, бала кезінен..."
author: "cipr2013"
published: "2018-06-18T08:05:44+00:00"
modified: "2018-06-18T08:05:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/habarlandyru-rmetti-ata-analar-men-t-lekter-807561"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/habarlandyru-rmetti-ata-analar-men-t-lekter-807561/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Хабарландыру! Құрметті ата-аналар мен түлектер!

> І. «Қала әкімдігі жыл сайын қаладағы мектеп түлектеріне, атап айтқанда жетім балаларға, бала кезінен...

І. «Қала әкімдігі жыл сайын қаладағы мектеп түлектеріне, атап айтқанда жетім балаларға, бала кезінен мүгедектерге, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, көпбалалы отбасының балаларынаеңбек нарығына қажетті мамандарды көптеп оқыту үшін әкімнің гранты бөлінеді».

Алғаш рет 11 сыныптың 1000 түлегі үшін келесідегі мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарынан мемлекеттік тапсырыс бөлінеді: жалпы медицина, ІТ мамандар, инженерлік жүйе және желі, мектепке дейінгі оқыту жне тәрбиелеу, физика, биология, география, дефектология.

Талапкерлердің өтініштері 2018 жылдың 1-7 тамыз аралығында қабылданады. «Астана қаласы білім басқармасы», 55-68-55, 55-68-56, 55-68-57, zh.kulushpaeva@astana.kz

ІІ. Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы Астана қаласындағы жұмыс берушілерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқудан өткісі келетін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеуді жүргізуде. Атап айтар болсақ, слесарь-сантехник, наубайханашы, даяшы, менеджер, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі, қадағалаушы- кассир.

Оқыту тегін, оқу уақытында ай сайын 16 759 теңге көлемінде стипендия төленеді. Оқу аяқталған соң жолақыға бір реттік өтемақы 9076 теңге көлемінде төленеді, өзге аймақтардан келгендер үшін тұрғын үйді жалға алуға кеткен шығынның орнын толтыру қарастырылған,оқу мерзімі 1-3 ай.

Оқуды аяқтағаннан кейін алған біліктілігі бойынша куәлік беріледі және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.

ІІІ. Балалар үйлерінің түлектері, мүмкіндігі шектеулі балалар, көп балалы отбасылардан шыққан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларелорданың жоғары оқу орындарында оқу үшін төлемақы бойынша әлеуметтік көмек алуға құқығы болуы мүмкін.

Төлемдер, жоғары білім беруі тиісті мекеменің білім беру нақты құны мөлшерінде және қаржы жылына арналған қалалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде беріледі.

Астана қаласының әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз: Иманбаева көшесі 16- үй.

«Сарыарқа» ауданы №7 кеңсе, 21-27-14, Алматы ауданы №1 кеңсе, 21-09-41, «Есіл» ауданы № 4 кеңсе, 21-29-88.

Источник: religii.kz

Источник: КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"

Контакты: 8 7172 55 04 42

Телефон доверия: 2288

Web сайт: www.religii.kz

Instagram: cipr_astana

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/habarlandyru-rmetti-ata-analar-men-t-lekter-807561](https://yvision.kz/kk/post/habarlandyru-rmetti-ata-analar-men-t-lekter-807561)