---
title: "«ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбындағы Жуалы ауданында семинар өтті"
description: "26 мамыр 2014 жылы сағат 12.00-де Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаңа-..."
author: "ceka"
published: "2014-05-26T03:22:49+00:00"
modified: "2014-05-26T03:22:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/h-ko-ar-yly-k-rsetiletin-zha-a-memlekettik-yzmet-t-rleri-ta-yrybynda-y-zhualy-audanynda-seminar-tti-415064"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/h-ko-ar-yly-k-rsetiletin-zha-a-memlekettik-yzmet-t-rleri-ta-yrybynda-y-zhualy-audanynda-seminar-tti-415064/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбындағы Жуалы ауданында семинар өтті

> 26 мамыр 2014 жылы сағат 12.00-де Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаңа-...

26 мамыр 2014 жылы сағат 12.00-де Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті. Семинардың мақсаты аудан тұрғындарына ХҚКО мен «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін насихаттау және түсіндіру.

![«ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбындағы Жуалы ауданында семинар өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/ceka/gE60zYNS3H6iPt9lV0pUdb3QS9692B.jpg)

Қызметтердің көрсету сапасын және қолжетімділікті арттыру мақсатында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жаңа 25 мемлекеттік қызмет түрлері қосылып отыр.

![«ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбындағы Жуалы ауданында семинар өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/ceka/j54rq4EPrq52fw1KM44CctqPEbdad7.jpg)

Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін көптеген қызмет түрлері қазіргі таңда халыққа қолжетімділікті арттыру аясында бірқатар жұмыстар атқаруда, соның ішінде орталықтар электрондық нұсқада құжат қабылдау мен халықты дағдыландыру аса маңызға ие болып отыр.

**«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы Жуалы аудандық бөлімі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/h-ko-ar-yly-k-rsetiletin-zha-a-memlekettik-yzmet-t-rleri-ta-yrybynda-y-zhualy-audanynda-seminar-tti-415064](https://yvision.kz/kk/post/h-ko-ar-yly-k-rsetiletin-zha-a-memlekettik-yzmet-t-rleri-ta-yrybynda-y-zhualy-audanynda-seminar-tti-415064)