---
title: "«ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбындағы Жамбыл ауданында семинар өтті"
description: "Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «ХҚКО» Р..."
author: "ceka"
published: "2014-05-25T08:35:52+00:00"
modified: "2014-05-25T08:35:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/h-ko-ar-yly-k-rsetiletin-zha-a-memlekettik-yzmet-t-rleri-ta-yrybynda-y-zhambyl-audanynda-seminar-tti-414916"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/h-ko-ar-yly-k-rsetiletin-zha-a-memlekettik-yzmet-t-rleri-ta-yrybynda-y-zhambyl-audanynda-seminar-tti-414916/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбындағы Жамбыл ауданында семинар өтті

> Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «ХҚКО» Р...

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, Аса ауылында «ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты аудан тұрғындарына ХҚКО мен «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін насихаттау және түсіндіру. Ісшараға аудан әкімдігінің бөлімдерінің бас мамандары, мамандары мен ұстаздар қауымы қатысты. Аудан әкімінің орынбасыры Ү.Ноғайбаева жүргізді. Сондай-ақ, «Жаңа-Ру» жастар коалициясының Президенті С.Берікқожа мен «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл аудандық бөлімінің реттеу залының басшысы Қ.Мамасериков қатысты. Семинарда тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көкейде жүрген сұрақтарына арнайы шақырылған мамандар тұшымды жауаптар берді.

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл аудандық бөлімі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/h-ko-ar-yly-k-rsetiletin-zha-a-memlekettik-yzmet-t-rleri-ta-yrybynda-y-zhambyl-audanynda-seminar-tti-414916](https://yvision.kz/kk/post/h-ko-ar-yly-k-rsetiletin-zha-a-memlekettik-yzmet-t-rleri-ta-yrybynda-y-zhambyl-audanynda-seminar-tti-414916)