---
title: "Гуманитарлық-техникалық колледж студенттері жемқорлықтың зиянын танып-білді"
description: "Ағымдағы жылғы 6 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіг..."
author: "finpolsko"
published: "2015-10-08T21:13:49+00:00"
modified: "2015-10-08T21:13:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/gumanitarly-tehnikaly-kolledzh-studentteri-zhem-orly-ty-ziyanyn-tanyp-bildi-577095"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/gumanitarly-tehnikaly-kolledzh-studentteri-zhem-orly-ty-ziyanyn-tanyp-bildi-577095/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Гуманитарлық-техникалық колледж студенттері жемқорлықтың зиянын танып-білді

> Ағымдағы жылғы 6 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіг...

![Гуманитарлық-техникалық колледж студенттері жемқорлықтың зиянын танып-білді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/cMbNxrW9eUxHMcbQ4wwz4Un9w1cvfz.jpg)

Ағымдағы жылғы 6 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті гуманитарлық-техникалық колледж студенттеріне семинар-тренинг өткізді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметкерлері, семинар-тренинг барысында жиылғандарды 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарымен таныстырып қана қоймай, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары бағдарламасы және облыс азаматтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды қалыптастыру бойынша Департаментпен өткізілетін шаралар туралы да хабардар етті.Кездесудің екінші бөлігінде, азаматтардың жекелеген жемқор топтарының қоғам өміріне тигізетін кері әсерін көрсету үшін түрлі тренингтер ұсынылды. Осылайша, семинарға қатысушылар «жемқорлық» мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына зиянды деп шешті.Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейне роликтер ұсынылып, колледж студенттері арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

![Гуманитарлық-техникалық колледж студенттері жемқорлықтың зиянын танып-білді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/TKfzBOg3vHiFYb1OVeXeG4Mw8o9976.jpg)

![Гуманитарлық-техникалық колледж студенттері жемқорлықтың зиянын танып-білді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/zsTcs12rwJhyN8NPTh0Zk8yxeZ7pXt.jpg)

![Гуманитарлық-техникалық колледж студенттері жемқорлықтың зиянын танып-білді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2QNdMOoJ1IlN5Q7Fq5TmeOO2PTFEe9.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/gumanitarly-tehnikaly-kolledzh-studentteri-zhem-orly-ty-ziyanyn-tanyp-bildi-577095](https://yvision.kz/kk/post/gumanitarly-tehnikaly-kolledzh-studentteri-zhem-orly-ty-ziyanyn-tanyp-bildi-577095)