---
title: "Гуманитарлық-техникалық академиямен Ынтымақтастық және серіктестік қатынастар туралы меморандумға қол қойылды"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-05-02T08:23:44+00:00"
modified: "2017-05-02T08:23:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/gumanitarly-tehnikaly-akademiyamen-yntyma-tasty-zh-ne-seriktestik-atynastar-turaly-memorandum-a-ol-o-765527"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/gumanitarly-tehnikaly-akademiyamen-yntyma-tasty-zh-ne-seriktestik-atynastar-turaly-memorandum-a-ol-o-765527/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Гуманитарлық-техникалық академиямен Ынтымақтастық және серіктестік қатынастар туралы меморандумға қол қойылды

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің арасындағы ынтымақтастық және серіктестік қатынастар туралы меморандумға 28 сәуір күні қол қойылды.

Меморандум аясында тараптар жастар ортасында, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу, оқу орнының білім алушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын тәрбиелеу, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлық мәдениетінің негіздері» модельдік пәнін оқыту, сонымен қатар, жастар арасында мемлекеттік қызмет институтының имиджін арттыру және дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша ынтымақтастық мәселелері бойынша ынтымақтастық қарым-қатынаста болады.

Қол қою рәсімі профессор-оқытушылар құрамының өкілдері мен студенттердің қатысуымен өтті.

Іс-шараға 69 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_86.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/gumanitarly-tehnikaly-akademiyamen-yntyma-tasty-zh-ne-seriktestik-atynastar-turaly-memorandum-a-ol-o-765527](https://yvision.kz/kk/post/gumanitarly-tehnikaly-akademiyamen-yntyma-tasty-zh-ne-seriktestik-atynastar-turaly-memorandum-a-ol-o-765527)