---
title: "Грекияда аралдағы орманды өртеп жіберген туристерге..."
description: "Осыған дейін Грекия жағалауындағы яхтада отшашу атамын деп Идра аралындағы орманды өртеп жіберген қазақстандық саяхатшылар туралы ақпарат тараған еді. Фото: BILD Бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осыған қатысты түсініктеме берді. Оның..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-24T06:18:10+00:00"
modified: "2024-06-24T06:18:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/grekiyada-aralda-y-ormandy-rtep-zhibergen-turisterge-atysty-zha-day-a-sim-t-sinikteme-berdi-1005945"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/grekiyada-aralda-y-ormandy-rtep-zhibergen-turisterge-atysty-zha-day-a-sim-t-sinikteme-berdi-1005945/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Грекияда аралдағы орманды өртеп жіберген туристерге...

> Осыған дейін Грекия жағалауындағы яхтада отшашу атамын деп Идра аралындағы орманды өртеп жіберген қазақстандық саяхатшылар туралы ақпарат тараған еді. Фото: BILD Бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осыған қатысты түсініктеме берді. Оның...

*Осыған дейін Грекия жағалауындағы яхтада отшашу атамын деп Идра аралындағы орманды өртеп жіберген қазақстандық саяхатшылар туралы ақпарат тараған еді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/11bddb0cb0d500acd3ebed494ae7dc.jpg) *Фото: BILD*

Бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осыған қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Қазақстанның консулы Грекияның билік орындарына бірден хабарласқан.

«Полиция ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады. Және оларға ешқандай кінәрат тағылмаған», – дейді Смадияров.

Ал болған жағдайға гректердің заңы бойынша кеменің экипаж мүшелері жауап беруге тиіс.

Айта кетейік, әлгі яхтада 17 қазақстандық турист болған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/grekiyada-aralda-y-ormandy-rtep-zhibergen-turisterge-atysty-zha-day-a-sim-t-sinikteme-berdi-1005945](https://yvision.kz/kk/post/grekiyada-aralda-y-ormandy-rtep-zhibergen-turisterge-atysty-zha-day-a-sim-t-sinikteme-berdi-1005945)