---
title: "Головкиннің келесі қарсыласы анықталды"
description: "Аты шулы GGG лақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі бол..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-05T02:58:35+00:00"
modified: "2013-09-05T02:58:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkinni-kelesi-arsylasy-any-taldy-372494"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkinni-kelesi-arsylasy-any-taldy-372494/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

> Аты шулы GGG лақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі бол...

[!\[стивенс головкин\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/News-1377807373-19949-300x167.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/News-1377807373-19949.jpg)

Аты шулы GGG лақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz.

Жерлесіміз АҚШ-тың 28 жастағы боксшысы Кертис Стивенспен қолғап түйістірмек. Геннадий атағы бойынша WBA сериясын 9-рет, IBO 6-рет қорғайын деп отыр. Өз сөзінде Генадий Кертис Стивенсті танымайтынын айтқан.

Кертис Стивенс 28 жекпе-жек өткізген. Оның 25-ін жеңіп, қарсыластарын 18 нокаутпен ұтқан, ал 3 рет жеңілген.

Геннадий 27 жекпе-жек өткізген. Оның 27-сін жеңіп, қарсыластарын 24 нокаутпен ұтқан, ешкімге жеңілмеген.

Жекпе-жек 2 қараша күні АҚШ-тың Мэдисон Сквер Гарден аренасында, Нью-Йорк қаласында өтпек. Осы кездесуге орай, екі спортшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/golovkinni-kelesi-arsylasy-any-taldy-372494](https://yvision.kz/kk/post/golovkinni-kelesi-arsylasy-any-taldy-372494)