---
title: "Головкиннен Стивенс сияқты жеңілмеймін — Дэниел Джейкобс"
description: "Жуырда WBA версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған америкалық боксшы ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-12T02:51:18+00:00"
modified: "2014-08-12T02:51:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkinnen-stivens-siya-ty-zhe-ilmeymin-deniel-dzheykobs-424976"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkinnen-stivens-siya-ty-zhe-ilmeymin-deniel-dzheykobs-424976/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Головкиннен Стивенс сияқты жеңілмеймін — Дэниел Джейкобс

> Жуырда WBA версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған америкалық боксшы ...

[!\[Головкиннен Стивенс сияқты жеңілмеймін — Дэниел Джейкобс\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/photo_7654-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/photo_7654.jpg) Жуырда WBA версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған америкалық боксшы Дэниел Джейкобс «егер мен Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығатын болсам, кездесуді Кертис Стивенс сияқты аяқтамаймын» деп мәлімдеді, бұл туралы [Vesti.kz](http://vesti.kz/) хабарлайды. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Кертис Стивенсті[техникалық нокаутпен](http://tengrinews.kz/boxing/gennadiy-golovkin-pobedil-kertisa-stivensa-244793/) жеңген болатын. «Біз Кертис екеуіміз — екі түрлі стильдегі боксшылармыз. Ол — Тайсон сияқты айбатты слаггер, мен түрлі режимге ауысып отырып, қарсыласты шатастыра білетін боксер-панчермін. Сондықтан егер мен Геннадиймен кездесетін болсам, оның Стивенспен кездесуінің қалай аяқталғанына мән бермес едім, бұл жерде бәрі басқаша болады», — деп мәлімдеді Джейкобс. Америкалық боксшы әлемнің орта салмақтағы кез келген боксшысымен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Бұл туралы [мына жерден](http://vesti.kz/profi/192923/) толығырақ оқыңыздар. Еске салайық, Головкин Стивенспен өткен жылдың қараша айында жекпе-жекке шыққан еді. Нью-Йорктегі Madison Square Garden шаршы алаңында өткен кездесу техникалық нокаутпен аяқталды. Сегізінші раундтан соң Стивенс көп соққы алып, қарсыласының шабуылына төтеп беруді қойғаннан кейін рефери жекпе-жекті аяқтауға шешім қабылдады.

Тектес:[Бокс](http://kaz.tengrinews.kz/tag/%D0%91%D0%BE%D0%BA%D1%81), [Головкин Геннадий](http://kaz.tengrinews.kz/tag/%D0%93%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%BA%D0%B8%D0%BD%20%D0%93%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%B9), [Нью-Йорк](http://kaz.tengrinews.kz/tag/%D0%9D%D1%8C%D1%8E-%D0%99%D0%BE%D1%80%D0%BA), [США](http://kaz.tengrinews.kz/tag/%D0%A1%D0%A8%D0%90)

Осы жердесіз: [Негізгі бет](http://kaz.tengrinews.kz/) » [Спорт](http://kaz.tengrinews.kz/sports/) » [Бокс](http://kaz.tengrinews.kz/boxing/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/golovkinnen-stivens-siya-ty-zhe-ilmeymin-deniel-dzheykobs-424976](https://yvision.kz/kk/post/golovkinnen-stivens-siya-ty-zhe-ilmeymin-deniel-dzheykobs-424976)