---
title: "Головкин Роналдуды құттықтады"
description: "Қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Криштиану Роналдуды мадр..."
author: "nuri123"
published: "2016-04-13T05:54:03+00:00"
modified: "2016-04-14T15:26:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-ronaldudy-tty-tady-688986"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-ronaldudy-tty-tady-688986/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Головкин Роналдуды құттықтады

> Қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Криштиану Роналдуды мадр...

Қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Криштиану Роналдуды мадридтік «Реалдың» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nuri123/Q9lYW2p8zvyM0jwlv0q64fji6aV2vY.jpg)

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап [Қазақпарат](http://www.inform.kz/) хабарлайды.

«Жеңісіңмен құттықтаймын, Криштиану», - деп жазды әлеуметтік желіде қазақстандық.

Еске салсақ, мадридтіктер ширек финалдың жауапты ойынында (3:0) немістің «Вольфсбург» командасын жеңген болатын. Ал португалиялық хет-трек жасады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/golovkin-ronaldudy-tty-tady-688986](https://yvision.kz/kk/post/golovkin-ronaldudy-tty-tady-688986)