---
title: "Головкин — әлемдегі ең үздік нокаутер"
description: "Қазақстандық Генадий Головкин The Guardian басылымы жасаған панчерлер (соққысы ең жойқын боксшы) ре..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-10T23:24:22+00:00"
modified: "2013-11-10T23:25:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-lemdegi-e-zdik-nokauter-384301"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/golovkin-lemdegi-e-zdik-nokauter-384301/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Головкин — әлемдегі ең үздік нокаутер

> Қазақстандық Генадий Головкин The Guardian басылымы жасаған панчерлер (соққысы ең жойқын боксшы) ре...

[!\[Қазақстандық Генадий Головкин\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/photo_33178.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/photo_33178.jpg)

Қазақстандық Генадий Головкин The Guardian басылымы жасаған панчерлер (соққысы ең жойқын боксшы) рейтингінде бірінші орында тұр.

Головкиннің нокауттық көрсеткіші — 89,29 пайыз. Екінші орындағы мексикалық Хулио Сеханың (аса жеңіл салмақ) көрсеткіші — 88,46. Нокаутерлер рейтингісінің үшінші сатысында конголық Илунга Макабу (бірінші ауыр салмақ) — 87,50, деп хабарлайды alaman.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин осы жылы төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/golovkin-lemdegi-e-zdik-nokauter-384301](https://yvision.kz/kk/post/golovkin-lemdegi-e-zdik-nokauter-384301)